афиша

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Астана Марапат.jpeg

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары аңықталды.

Тұңғыш Президент Қоры бірегей зерттеулер мен үздік жоба авторларын анықтауды дәстүрге айналдырған. Жас ғалымдар мен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында 2008 жылдан бері  ұйымдастырылатын байқауда музыка, театр және сурет өнерінің, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық бағыттар бойынша үздіктер анықталады. Осы күнге дейін 240 маман лауреат атанып, бүгін тағы 18 талапшыл жас осы тізімді толықтырды. Нәтижесінде аталған конкурс бойынша Тұңғыш Президент Қорында 258 лауреат бар.  

Сыйлық тағайындау салтанатты шарасын ашқан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының директоры Дариға Назарбаева жиналған қауымды келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтап, лауреаттарға ризашылық білдірді.

Ғылым саласындағы сыйлық иегерлері: 

- Нұрхат Жақиев  - Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері, PhD доктор. Сыйлық жылу электр стансаларының қуат тиімділігін 15%  жоғарлататын бірегей көпфакторлы математикалық моделінің жұмысын оңтайландыру зерттеуі үшін тағайындалды.

 - Альмира Жылқашинова - С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты. Сыйлық деривациялық түрдегі бірегей отандық ұшқышсыз кіші гидроэлектростансасын ойлап тапқаны үшін берілді; 

- Арайлы Зәкиева - Семей қ. Шәкәрім ат. Мемлекеттік университетінің Аграрлық факультеті деканының орынбасары, PhD доктор. Сыйлық климат пен топыраққа бейімделетін мол өнім беретін отандық бұршақты дақылдар ойлап тапқаны үшін тағайындалды;

 - Динара   Сарыбаева - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор. Премия ішек-қарын ауруларын алдын алуға және емдеуге арналған шетелдік препаратты ауыстыратын «Антакон» дәрісін дайындағаны үшін берілді;

 - Хайдар Тасыбеков - әл-Фараби ат. ҚазМУ бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы. Сыйлық Қазақстанның полиметалл кендерінен рений, молибден және вольфрам алу үшін жоғары тиімді импорттық көміртекті сорбентті ауыстыратын зерттемесі үшін; 

- Манап Жантасов - М. Әуезов ат. ОҚМУ доценті, техникалық ғылымдардың кандидаты. Премия магистралды мұнай құбырларын даттан қорғау үшін жасалған зерттемесі үшін;

 - Эллина Мун - РҚ БҒМ ҒК биотехнология Ұлттық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор. Премия онкологиялық дерттердің терапиясында қолданылатын дәрі-дәрмектерді отандық бірегей наножүйелік везикулярлық түрде жеткізуге арналған зерттемесі үшін;

 - Нұрбек Нәдіров - Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы «UMC» КҚ травматолог-дәрігері, ортопед, PhD доктор.  Премия балалардың омыртқасының деформациясын жөндеуге арналған методиканы ойлап тапқаны үшін берілді. 

Мәдениет пен өнер саласындағы үздіктер тізімі:

- Бауыржан Ақтаев - «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі. Батыс Қазақстан облысында ұлттық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды; 

- Дина Мирманова - «Astana Musical» мемлекеттік театрының аккомпаниатор-концертмейстері. Елдің қоғамдық және мәдени өміріне қосқан үлесі үшін, жоғары кәсіби шеберлігі үшін және жоғары шығармашылық белсенділігі үшін марапатталды;     

- Арман Жүдебаев - Кұрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, «Дирижерлік» кафедрасының аға оқытушысы. ҚР музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды; 

- Айзада    Капонова - «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры опералық труппасының солисі, «Құрмет» орденінің Кавалері. Қазақстанның опералық өнері саласындағы жоғары жетістіктері және Республикадағы мәдени өмірдің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды; 

- Айгүл Азатова - Түркістан облыстық опера және балет театрының солисі. Түркістан облысындағы опера өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды;

 - Әбілмансұр Серіков - Қуанышбаев ат. Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актері. Театрда қойылған спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған үшін марапатталды; 

- Дина Байтасова - «Artios» директоры, «TSE Art Destination» замануи өнер галереясының негізін қалаушы. Қазақстанның замануи сурет өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін мараптталды; 

- Аққали Зәкіров, Ержан Танаев - «Tigrohaud crew» арт-тобы. Сыйлық Қазақстан бойынша ғимараттардың қасбетті өзгертетін арт-нысандар сериясын дайындағаны үшін табысталды;

- Никита Карев - Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ композитор-музыканты. Отандық кинематографияның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды; - Дәурен Меркеев - «КТК» АҚ бас директорының орынбасары. Әлеуметтік және мәдени  мәселелерге арналған бейнероликтер мен деректі фильмдерді дайындағаны үшін.

 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының директоры Дариға Нұрсұлтанқызының қолынан марапат алған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлын ұжымдас әріптестері шын жүректен құттықтайды!

WhatsApp Image 2019-02-28 at 14.34.54.jpeg

WhatsApp Image 2019-02-28 at 14.34.57.jpeg

WhatsApp Image 2019-02-28 at 14.34.59.jpeg

вернуться в альбомы