афиша

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті

4 желтоқсан Тұңғыш ПРЕЗИДЕНТ күні 3.jpg

4 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Салтанатты кешті ұйымдастыруды арнайы тапсырған ұжым басшысы Арман Жүдебаев 1-желтоқсан күні консерваторияның фэйсбуктегі парақшасында мерекемен құттықтап былай деп жазып еді:

«Қадірлі отандастар, сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазіргі заманауи, әлем мойындаған Қазақстанның осындай белестерге көтерілуі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің сарабдал саясаты мен сіңірген орасан зор еңбегінің жемісі деп білемін. Әрине Елбасына қолдау білдіріп отырған халқы мен сенімді серік болған әртүрлі сала мамандарының да рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы баянды болуы үшін әрбір азамат осы мақсатқа аянбай еңбек етудің маңыздылығын сезінетініне шәк жоқ.Тәуелсіз еліміздің айтулы мерекелерінің бірі, Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!»

DSC_1695.jpg

DSC_1702.jpg

         Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып ашылған салтанатты жиын үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы мерекелік фанфармен басталып, арнайы дайындалған, тәуелсіз еліміздің тәй-тәй басқан кезінен бергі тарихтан сыр шерткен деректі фильмді көрумен жалғасын тапты. Оның арты хор, ансамбль және жеке әнші, күйшілердің орындауындағы шығармаларға ұласты. Мерекелік кешке жиналған көпшілік айтулы мейрамның елге деген сүйіспеншілікті арттырар рухын сезініп қайтты.

DSC_1708.jpg

DSC_1710.jpg

DSC_1726.jpg

DSC_1732.jpg

вернуться в альбомы