афиша

Ректор А.Жүдебаев Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты

2019 жылдың 25 қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен «Өнер саласындағы: мектеп – колледж – ЖОО – ЖОО-нан кейінгі білім, үздіксіз білім беру бағдарламасын жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысты. Пленарлық отырыста А. Жүдебаев Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) жаңа ұйымдастырушылық құрылымы бойынша жүзеге асырылатын «Музыка өнері саласындағы кәсіби білім беру» жобасындағы үйлестіруші қызметі консерватория еншісіне тигенін айтты.




вернуться в альбомы