афиша

Ректор Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болды

          2019 жылдың 28-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болып   сұхбат беріп қайтты.

Фото 1.png

Әңгіме Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5-қазанда әдеттегі мерзімінен бұрын жолдаған Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған, жақында ғана ашылу салтанаты өткен «Жастар жылы» тақырыбында өрбіді. Бағдарламаның кезекті шығарылымының «Жастар жылы. Өнерліге өріс кең» деп аталуы да бекер емес.

Фото 2.png

«100 жаңа есім» жобасы арқылы көпшілікке танылған, Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін абыроймен атқарған, дарынды күйші, дирижер Арман Әділханұлы Жүдебаев жас бола тұра, мемлекеттік басшысының сеніміне ие болып, өнердің қара шаңырағы – ұлттық консерваторияға ректор болып тағайындалғаны туралы ақпарат өткен жылғы мәдени жаңалықтардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі болғанын көпшілік біледі. Сондықтан еліміздің бетке ұстар білім ордаларының біріне жас та болса, бас болып отырған өнер иесінен алынған сұхбат «Жастар жылы» тақырыбының мәнін арттыра түсті. Сонымен қатар эфир қонағы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жобалар жөнінде және өзі басқарып отырған шаңырақтың биылғы 75 жылдық мерейтойына дайындықтар туралы, жалпы ұжымның алдағы жоспарлары жөнінде сөз қозғады.

Бағдарламаның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=qP5EgHwqTGg
вернуться в альбомы