афиша

Ректор Арман Жүдебаев «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» профессоры Оңтүстік Кореялық Джо Гю Юнммен кездесті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Оңтүстік Корея мемлекетінен келген «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» профессоры Джо Гю Юн  бастаған делегациямен кездесті. Аталмыш кездесу барысында екі жақ білім беру саласындағы әріптестіктің маңызды сұрақтары мен ортақ жобаларды іске асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар студенттердің тәрбиесіне баса көңіл бөле отырып, олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу керек екендігі айтылды. Консерватория басшысы әңгіме барысында бұндай серіктестіктің пайдалы болатынына және жақсы нәтиже беретініне сенімді екенін алға тартты.
Айта кетейік, алдағы уақытта Оңтүстік Кореялық «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» өкілдері консерватория қабырғасында арнайы өнер мен білімді игерудегі студенттердің саналық денгейін көтеріп, заманауи адаптациялық потенциалын нығайтуға бағытталған дәрістер өткізбек.














вернуться в альбомы