info@conservatoire.kz

Ректор марапат иелерін құттықтады!

2020 жылдың 6-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен консерваториямыздың бірқатар ұстаздары марапатталды. Марапат иелері қатарында «Домбыра» кафедрасының доценті Жұмағали Қуаныш Ізімұлы, «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының аға оқытушысы Қожамжарова Күләш Өмірзаққызы, осы кафедраның оқытушысы Алшымбаева Айгүл Бақытжанқызы және концертмейстерлер, Скрипченко Елена Анатольевна, Көкубаева Ләйлә Малдыбайқызы, Косаманова Гульназ Гаяновна, Зыкеева Татьяна Сергеевналар бар. Сонымен қатар консерватория ректоры Арман Әділханұлының Алғыс хатына зейнеттегі ардагер ұстаз Баяхунов Бакир Яхиянович пен «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Жүнісова Балжан Бекенқызы ие болды. Марапат иелерін құттықтаймыз.











вернуться в альбомы