афиша

Ресейдің Новосибирск қаласында «Тартария» Сібір халықтарының музыкалық мәдениеті фестивалі аясында «Қазіргі заман және дәстүрлі музыкалық мәдениеттер» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

2019 жылдың 14-15 қарашасында Ресейдің Новосибирск қаласында «Тартария» Сібір халықтарының музыкалық мәдениеті фестивалі аясында «Қазіргі заман және дәстүрлі музыкалық мәдениеттер» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияда өнертану докторлары мен кандидаттары, музыкалық ЖОО магистранттары және колледждердің студенттері қатысты.

Консерваториямызды «А.Маноцкова «Ер Төстік» камералық операсы: түрлі мәдениеттердің бір-біріне ықпалы жөнінде» тақырыбындағы баяндамасымен «Музыкатану» мамандығының 3-курс студенті Сафиева Жанель таныстырды. Ғылыми жетекшісі PhD докторы, доцент, «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі Көкішева Марлен Тастемірқызы.








вернуться в альбомы