афиша

Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы болып қызмет атқарған әріптесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дарынды күйші, білікті ұстаз Нүркен Нұрғалиұлы Әшіров А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды.

Жаңа басшыны мектеп ұжымына таныстыру жиынына қатысқан консерватория ректоры Арман Жүдебаев пен ректор кеңесшісі Ермек Скаков  үзеңгілес әріптестерін құттықтап, қызметіне сәттілік тілеп қайтты.

  Шығармашылық жолында орындаушылық пен ұстаздық қызметті қатар алып келе жатқан Нүркен Әшіров консерватория қабырғасында еңбек еткен бір жыл уақыт аралығында өзінің біліктілігімен, іскерлігімен, жаңашылдығымен өзі басқарған факультет ұжымының жұмысына серпін беріп, өзінің басқару ісінде де қарым-қабілетінің осал емес екенін көрсетіп еді.

 Бала күнінен кәсіби музыканың қыр-сырын болашақ өнерпаздардың бойына дарытатын, дарынын еңбекпен ұштастыруды үйретіп, біліммен нәрлендіретін республикамыздағы бірегей мектеп басшылығына Нүркен Нұрғалиұлындай маманның келуі өте орынды. Әріптесіміздің жаңа қызметіне құтты болсын айтып, табыс пен сәттілік тілейміз.







вернуться в альбомы