афиша

Сәт сапар, жас түлек 2019!

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылғы бітірушілердің саны – 258, 38-і магистранттар, 45 түлек үздік диплом иегері атанды. Үздік дипломдарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу-әдістемелік жөніндегі проректоры Гүлнәр Бахытқызы табыстаса, магистранттарды Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы марапаттады. «Музыкатану», «Композиция» және «Арт менеджмент» мамандықтарының түлектеріне факультет деканы, өнертану кандидаты, профессор Мұсағұлова Гүлмира Жақсыбекқызы, «Вокалдық өнер» кафедрасының түлектеріне дипломды факультет деканы Нүсіпова Айзада Сайфуллақызы, «Орындаушылық өнер» факультетінің түлектеріне дипломды факультет деканы Ерманов Жанат Рахметоллаұлы, «Ішекті аспаптар» кафедрасының меңгерушісі Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы, «Домбыра» және «Халық әні» кафедрасының түлектеріне профессор, ҚР еңбек сіңірген артисі Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы, «Қобыз және баян» кафедрасының түлектеріне дипломды кафедра меңгерушісі, профессор Қосбасаров Базархан Әбуұлы табыстады. Салтанатты жиынға консерватория студенттерінің орындауындағы концерт сән берді.

Біз түлектерімізді диплом алып, мамандық иесі атануларымен құттықтаймыз. Сіздер өмірдің жаңа белесіне аттағалы отырсыздар. Сіздерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз. Консерватория сіздерді әрдайым құшақ жая қарсы алады. Ақ жол, құрметті түлектер!
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
6.jpg
вернуться в альбомы