афиша

Шетелде білім алған Құрманғазы атындағы КҰК студенттері алған әсерлерімен бөлісті

      27 ақпан күні консерваторияның кіші залында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Б.Т. Абдрашев академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алудың жайын түсіндіру үшін 1 және 2 курс студенттерімен  кездесті. Кездесу барысында бөлім жетекшісі студенттерге бір семестр ішінде шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Академиялық ұтқырлық аясында Польша, Испания және Италия елдерінің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде білім алған консерваторияның студенттері шетелдегі сапар барысы туралы презентацияларды назарға ұсынды, сондай-ақ өз пікірлерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.




вернуться в альбомы