info@conservatoire.kz


Консерваториямыздың «Фортепиано» мамандығы бойынша профессор Светлана Александровна Массовердің класында тәлім алып жатқан студентіміз, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Үздік студент» төсбелгісінің иегері Ғимарат Ерназар Ғабитұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары арасында өткен «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы» атты халықаралық байқауында Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі және Абай мұрасына деген құрметі үшін I дәрежелі диплом иеленіп, жеңімпаз атанып, «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпаз студентке марапатты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев өз қолымен табыстады.
Нұрсұлтан қаласында өткен халықаралық деңгейдегі шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Bilim-òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Биыл республика көлемінде аталып өтіп жатқан Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында өткен шараның мақсаты ақын мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін көрсету, оны мейлінше дәріптеу.
Жеңімпаз студентіміздің оқуын үздік тамамдап, өмірде аңсаған мақсатына жетіп, халқына адал қызмет ететін білікті маман болуына тілектеспіз.










вернуться в альбомы