афиша

Студенттер назарына!

Эразмус+ халықаралық бағдарламасы және Виго Консерваториясымен (Виго қ., Испания) жасалған келісімшарт аясында 2019-2020 оқу жылына бір семестр көлемінде (2020ж. қаңтар – мамыр) келесі мамандықтар бойынша қабылдау жарияланады:

Бакалавриат деңгейінде: 2-3 курс, "Ішекті аспаптар", "Үрмелі аспаптар»

Грант саны: 2, өтінімдер саны шектелмеген.

Байқау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылармен қатар, ақылы негізде білім алушыларға да ашық.
Байқау іріктеуіне қатысу үшін үміткер келесі критерийлер мен талаптарға сәйкес болуы тиіс:
•    ҚР азаматы;
•    Өткен оқу мерзіміндегі жоғары академиялық үлгерім;
•    Жауапкершілік пен әдептілік.

Іріктеуді оқытушылар құрамы мен жіберуші және қабылдаушы тараптың координаторлары жүргізеді.
Үміткерлер мына сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтуі қажет: https://aec.dreamapply.com. Онлайн өтінімде жіберуші ЖОО Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал қабылдаушы ЖОО Виго консерваториясын таңдау қажет. (Choose your institution as home institution and create the mobility to Vigo).
Үміткерлер internationaldep.knc@mail.ru электронды мекенжайына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1.    CV ағылшын тіліндегі түйіндеме;
2.    Факультеттің кафедра меңгерушісі және деканынан қазақ/орыс тілдерінде жазылған екі ұсыным хаты.  
Ұсынылған деректер негізінде конкурстық іріктеуден сәтті өткен жағдайда жарамды IELTS сертификатын (5,0-ден кем емес) ұсыну қажет. Сертификатты 2019 жылдың 27 қарашасына дейін (міндетті шарт) ұсыну қажет, сертификатты беру тест күнінен 14 күннен кейін екенін назарға алуларыңызды сұраймыз.
Байқауда сәтті іріктеліп өткен студенттер, Виго қ. 1 семестр мерзімінде (5 ай) барлық шығындарды қамтитын (жатын орын, әуе билеттер) айлық шәкіртақыға тағайындалады.
Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі: 20 қазан 2019 ж.
МАҢЫЗДЫ!!! Онлайн-тіркелу алдында үміткерлер міндетті түрде кафедра меңгерушісі / деканмен Виго Консерваториясының пәндерімен сәйкестендіру талдауын жасап, пән таңдауын жүргізуі қажет. Бұл міндетті рәсім, өйткені таңдалған пәндерді үміткерлер онлайн-тіркеу кезінде көрсетеді.

Халықаралық бөлімнің 272 95 81 телефоны арқылы кеңес алуға болады.
вернуться в альбомы