афиша

Студенттеріміз Испанияның Виго консерваториясына оқуға аттанды

Ағымдағы оқу жылы академиялық ұтқырлық шеңберінде «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 2 курс студенттері Абилсеит Аружан және Жақсыбек Томирис Виго консерваториясына (Виго қ-сы, Испания) 02.09.2019 ж. - 02.02.2020 ж. аралығында семестрлік оқуға жіберілді. Аталмыш бағдарлама «Эразмус+» бойынша жүзеге асырылады. Айта кетейік, мұнда студенттер үшін шәкіртақы мен барлық шығындардың төлемі қарастырылған.

IMG-20190904-WA0028.jpg

IMG-20190904-WA0029.jpg
вернуться в альбомы