афиша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін 2019 жылғы 30-қаңтар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ұжым басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға арнайы баяндама жасау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекші маманы Оразов Сайлау Сартайұлы шақырылды.



Басқосу қонағы сыбайлас жемқорлық туралы заң тармақтарын тарқата түсіндіріп, індеттің алдын алу мәселелері жөнінде кеңестер берді. Әрі агенттік даярлаған «Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты ұсыныс ретінде дайындалған 12 тараудан тұратын арнайы бағдарламаларын тапсырды. Сонымен қатар жиналған көпшілік арнайы дайындалған бейнефильм көріп, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.
Консерватория басшысы Арман Әділханұлы келген қонаққа ризашылығын білдіріп, ұжымдағы осы мәселе төңірегінде жасалып жатқан жұмыстар жөнінде хабар берді.







вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА