афиша

2018 жылы 6 қарашада Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтпек

 
100 ж 2.jpg

2018 жылы 6 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен күй өнерінің классигі, Қаратау өңірі күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтпек. Консерваторияның камералық залында өтетін Төлеген атамызды еске алу күй кешінде байқаудың жеңімпаздары жарияланып, жүлделер табысталады.

Байқаудың өтетін орны мен уақыты:

Тәттімбет шертпе күй класы, 102 аудитория, сағат 11.00;

Күй кешінің өтетін орны мен уақыты:

Камералық зал, сағат 17.00; 

Келем деушілерге есік ашық!


Байқау талаптары төмендегідей:

1.Т.Момбеков «Салтанат» (міндетті түрде)

2.Т.Момбеков «Қанағат» (міндетті түрде)

3.Т.Момбеков «Қаратау шертпесі» (міндетті түрде)


Конверт бойынша суырылып орындалатын күйлер:

1.Сүгір «Телқоңыр»

2.Т.Момбеков «Бозінгеннің бүлкілі»

3.Т.Момбеков «Мешін»

4.Т.Момбеков «Інілеріме»

 

Қатысушы 7 күйді де білуі шарт.


Байқаудың қазылар алқасының құрамы:

Төраға:

Б.Ысқақов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Мүшелері:

К.Сахарбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Н.Әшіров – ХМФ деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

С.Садықов – Домбыра кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор


вернуться в альбомы