афиша

«Тұран таңы» атты концерті өтті

2019 жылдың 14 мамырында консерваториямыздың үлкен концерттік залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Тұран таңы» атты концерті өтті. Концерт Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Консерватория ректоры Арман Жүдебаев оркестрдің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевқа «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры» атағы берілген дипломын табыстады. Концертте өнер көрсеткен консерваториямыздың түлектері, қазақ ұлттық өнерінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген азаматтар, аталмыш оркестрдің аспапшы-артистері, ҚР мәдениет қайраткерлері Халиев Нұрболат (гобой), Сауырбаев Қази (альт-қобыз), Қабыкенова Айнаш (прима-қобыз), Оразаев Талғат (домбыра) және ҚР мәдениет саласының үздігі оркестрдің дирижері және көркемдік жетекшісі Аманжолов Армандарды алғыс хаттармен марапаттады.












вернуться в альбомы