афиша

«Yamaha пернелі құралдарының мүмкіндіктері» семинары өтті

2019 жылдың 29 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Yamaha пернелі құралдарының мүмкіндіктері: сандық фортепиано және аранжировщиктің жұмыс станциялары» атты семинар өтті. Семинарды «Yamaha Music» компаниясының жетекші маманы, өнертану кандидаты Михаил Бакуменко жүргізді. Семинар 8 сағатқа есептелген және соңында барлық қатысушылар «Yamaha» сертификатына ие болды.
Семинар барысында қатысушылар екі нұсқадағы PSR тобының сандық фортепиано мүмкіндіктерімен танысты: бірінші нұсқасы 1500 тембрлі және 200-ге жуық стильдері бар кәсіби және оның жеңілдетілген нұсқасы шамамен 700 тембрден тұратын сандық фортепиано. Сондай-ақ толық 88 пернесі бар сандық фортепиано бар. Семинар жүргізушісі кәсіби PSR-мен жұмыс істеу процесін толық көрсетті, мысалы: ыңғайлы сенсорлық панель, бұл 1500 тембрдің арасында қажетті тембрді тез таңдауға мүмкіндік береді; фортепиано аккомпанементпен және әуенмен аймақтарға бөлетін стилдермен жұмыс істеу; енгізілген микшердің 16 жолына шығарма жазу және т.б.
Бұл семинар үлкен қызығушылық тудырды, теориялық және практикалық сабақтар болды. Семинарға консерваторияның студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ музыкалық мектептердің оқушылары мен педагогтары қатысты. Алдағы уақытта осындай семинарлар жалғасын табады деп үміттенеміз.










вернуться в альбомы