Ғылым


ҚҰРМАНҒАЗЫ атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми іс-қайраткерлігі


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу іс-қайраткерлігі музыкалық ғылым мен музыкалық білімді дамытудың өзекті мәселелерін шешуде жоо-ның ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.


Консерваторияның ғылыми іс-қайраткерлігінің негізгі бағыттарын айқындайтын міндеттер:
·         әлемдік музыка мәдениетінің тарихи-теориялықмәселелерін;
·         музыкалық білім жүйесін және оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін;
·         музыкалық орындаушылықтың теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерделеу.  


Дәстүрлі және заманауи музыка өнері материалын пайдалана отырып, қазақстандық ғылыми мәселелер жүйесін қалыптастыру, талдау және тұжыру тұрғысындағы ізденістер профессорлық-оқытушылар құрамының (ПОҚ) ғылыми-зерттеу іс-қайраткерлігінің басым және стратегиялықмаңыздыбағытын құрайды. Қазақстандағымузыка туралы ғылымның тарихы аса бай және оның алғаш қалыптасқан сәтінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы маңызды роль атқарды. Оның қабырғасында А. Қ. Жұбанов, Б. Г. Ерзакович, Л. И. Гончарова, Г. Н. Бейсенова, В. П. Дернова, П. В. Аравин, М. Р. Копытман, Н. Ф. Тифтикиди, К. Ф. Кирина, А. И. Мұхамбетовасынды тағы басқа да көптеген музыкатану саласының майталмандары қызмет етті.

Қазіргі кезеңдеҚұрманғазы атындағы ҚҰК оқытушылары мен оқушыларының ғылыми ізденістері басты төрт бағытта жүреді: музыкатану, өнердегі менеджмент, музыкалық педагогика және психология, орындаушылық өнердің тарихы мен әдістемесі. Бұл ретте,аталған бағыттар бойынша өткізілетін конференциялардың, дөңгелек үстелдер мен симпозиумдардың маңызы өте зор.


Консерваторияда мақалалардың,конференция материалдарының жинақтары, монографиялар, музыкалық-этнографиялық басылымдар жүйелі түрде жарық көреді. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап тоқсан сайын шығатын «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы» атты ғылыми журналашылып (наурыздан бастап 2017 жылғы журналы болып қайта аталды SARYN), ондамузыка өнері саласындағы ғана емес, сондай-ақ,онымен шектес әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, педагогика, психология, өнертану тәрізді әр түрлі салалардағы зерттеулердің нәтижелері де жарияланады.