афиша

“Жаңғыру жолындағы жас ғалым” атты cтуденттердің ғылыми-практикалық конференциясы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы 2018 жылдың 15-20 сәуір күндері студенттердің «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты  ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының студенттері  шақырылады.

Тіркеу қағаздары мен тезистердің электронды нұсқасы 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін конференция хатшылары қабылдайды.

Конференцияға қатысушылар баяндамалары 2018 жылдың 10 сәуірінен бастап арнайы іріктеу комиссиясының отырысында тыңдалады. Баяндамалар 01.04.2018 дейін қабылданады.

Конференцияда 2 секция жұмыс жасайды:

1.Бірінші секцияда қазақ, орыс тілдеріндегі баяндамалар тыңдалынады.

2.Екінші секцияда ағылшын тіліндегі баяндамалар тыңдалынады.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

- Студенттердің ғылыми-ізденіс және оқу танымдық іс –әрекетін ынталандыру;

- Студенттерді қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау;

- Студенттердің интеллектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету

Конференцияға қатысушы тіркеу қағазы

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ КЕЛЕСІ ТҮРДЕ РӘСІМДЕЛУ КЕРЕК:

- Тезис көлемі: 3 бетке дейін;

- Бет параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ- 1,5 см.

- Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman - 12pt

- Жоларалық интервал – бірлік, абзац - 1 см; кітаптық бағдар; беттер қойылымсыз және колонтитулсыз болуы тиіс; мәтін ені бойынша туралануы қажет;

Материалдарға қосымша, сондай-ақ автор (өтінім) туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Файл avtor.doc деп аталынып, автордың аты, яғни конференцияға қатысушы студенттің аты латын әріптерімен жазылуы қажет. Мысалы, Ibrakhim Daryn.doc. Тезистер Microsoft Word форматында сақталынуы тиіс.


МАҚАЛАНЫ ОРЫНДАУ РЕТІ:

Келесі жолдың ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН мақала атауы қою шрифтпен көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақала авторының аты-жөні Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні төменде, Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Келесі жолда автордың е-mail көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақаланың өзі енгізіледі.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттар мен негізгі талаптарға жауап бермейтін тезистерді конференцияға жібермеуге құқылы. Ұйымдастыру комитеті материалдарды өңдеу мен түзету жұмыстарын орындамайды. Әрбір тезистің авторы жіберген мәліметтері үшін жауапты.

Бір автор 1 тезисті жібере алады.

(!) Тезис мәтінінің көлемі 3 беттен аспауы тиіс.

Барлык катысушыларга конференция материалдары электрондык жинақ түрінде таратылады.

Тезистердің электрондық нұсқасын мына (e-mail) поштаға жіберу керек: sarah070@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тел.: +7 (727) 2 72 95 82.

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 90. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы.

Модератор: Абсатарова Гулсара Бектургановна – 8 707 830 92 03