афиша

Қазақстанның музыкалық этнографиясының 200жылдығына арналган «XXI ғасырдағы дәстүрлі музыка» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

 

 11-12 желтоқсан 2017 жыл

Қазақстанның музыкалық этнографиясының 200жылдығына арналган

«XXI ғасырдағы дәстүрлі музыка» атты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

·    Музыкалық этнография жәнедәстүрлімузыканыңқазіргі заманғы зерттеу әдістері

·    Этнографиялық зерттеулердің тарихнамасы

·    XXI ғасырдағы дәстүрлі орын даушылықөнері

·    Тұркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасы және музыкалықтүркология

·    Пәнаралықзерттеулерайнасындадәстүрлімәдениет

·    Өнер, білім және ғылымдағы дәстүрлі мәдениеттің мұрасы

 

1818 жылы Астрахань қаласында "Азиялық музыка" журналындамузыкант және фольклорист И.В.Добровольскийалғашретқазақәндердіңнота белгілерінжариялады.СолжылдыҚазақстандағымузыкалықжәнеэтнографиялықзерттеулердіңбасталуыдепсанауғаболады, бұлқазақтыңдәстүрлімузыкасының200жылдықтарихынтүсінугемүмкіндікбереді.

Конференция аясында Б. Сарыбаевтың 90 жылдығына және  халық әні кафедрасының 30 жылдығына орай дөңгелек үстелдер мен концерттер өткізіледі.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындары педагогтары мен студенттері шақырылады. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері. Қатысу формасы: баяндама.

Конференцияға қатысу үшін 2017жылдың 14 қарашасына дейін Ұйымдастыру комитетіне өтініш жіберу қажет.

Өтініште баяндаманың тақырыбы, қатысушының толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, электронды пошта мекен-жайлары көрсетілуі тиіс.

Студенттер, магистранттар және докторанттар ғылыми жетекшілерінің/кеңесшілерінің толық аты-жөні, атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі туралы мәлімет беруі тиіс. Өтінішке баяндаманың тезисі тіркелу керек. Конференцияға жиналған мақалалар бойынша жинақ шығарылады.

Қатысушының жол ақысы және тамақтану шығындары жіберуші жақтан төленеді. 

Мекен-жайымыз: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 86. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

 

 Мақалаға қойылатын талаптар

Жарияланымға жіберілетін баяндаманың көлемі – 20 мың белгіге дейін (5  бет шамасында). Форматы: Microsoft Word 2000, 2003, 2007, 2010 (үлкейтілген *.doc, *.docx, *.rtf) форматында компьютерде терілген; шрифты — Times New Roman, негізгі мәтінде 12 кегльде, ескертпелер 10 кегльде болуы тиіс. Ескертпелер (сілтемелер) әр бетте «Word» бағдарламасында (ctrl+alt+f) «сілтемелер» қызметі арқылы қойылады. Жоларалық қашықтық – жадағай, барлық жол – 2 см., еніне сай түзу болу тиіс.   

Азат жолдар 1,25 см қашықтықпен беріледі (бірақ табулация немесе автоматты қашықтық арқылы емес); азат жолдар арасындағы қашықтық – кәдуілгі, шрифттік бөлу – көлбеу. Мақала тақырыбы – ЖАЗБАША әріптермен (ортада). Тақырыптың үстінде – автордың Аты мен ТЕГІкөлбеумен, кәдуілгі жол әріптермен, оңға қарай түзету керек. Мақаланың тақырыпшасы – жартылай қою қара шрифтте, тырнақшалар – типографиялық «», мәтін ішінде – кәдуілгі “”. Дыбыс белгілері латынша: C-dur, g-moll, дыбыс атауы – латын әріптерімен және көлбеумен бөлінеді: h, G, a2. Уақыт мерзімдері санмен беріледі: ғасырлар – римдік, жылдар мен онжылдықтар арабтық.

Ноталық үлгілер, сызбалар мен суреттер негізгі мәтінге қойылу керек, сонымен қатар, жеке файлда графикалық кез келген форматта (JPEG, TIFF, BMP және т.б.)  қосымша беріледі.

Мақаланың соңында («Әдебиеттер тізімі» тақырыпшасымен) автоматты тізімделген библиографиялық тізім жазылады. Қолданылған әдебиеттер, мәтіндегі сілтемелерде төрт бұрышты жақшада библиографиялық тізімдегі реттік және үтір арқылы беттер саны көрсетіледі (Мысалы: [17, 25], [3, 36]). 

Мақала авторлары мәліметтер, сілтемелер, нақыл сөздер және әдебиеттер тізімінің нақтылығы мен ақиқаттығына жауапкершілікті өздері алады. 


Коференция тақырыбы мен жоғарыда берілген талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланымға жіберілмейді.

Баяндама мәтіні мен конференцияға қатысу өтініші электронды нұсқада мына мекен-жайда қабылданады: knk.nauka@gmail.com. Толық мәтінді қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 14 қарашасына дейін.

Байланыс телефондары: +7(727) 261-6364; +7(727) 272-9095