афиша

«Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты II-дәстүрлі ЖОО аралық ғылыми-практикалық конференция

Для Анонса каз.jpg

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы жоғарғы оқу орындарының студенттерін 2019 жылдың 10 сәуір күні консерваторияның 75 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» аясында өтетін «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты II-дәстүрлі ЖОО аралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияның мақсаты:

ü Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау;

ü Студенттерді қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

ü Студенттердің ғылыми-ізденіс және оқу танымдық іс–әрекетін ынталандыру;

 

 

Конференцияда келесі тақырыптар қарастырылады:

·     Қазіргі мәдениет жастар көзімен

·     Өнер әлеміндегі адам

·     Әлеуметтік кеңістіктегі коммуникациялық технологиялар және олардың өзара әрекеттесуі

·     Қазіргі өнер туралы ғылым

Тіркеу қағаздары мен тезистердің электронды нұсқасы 2019 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.

Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы электронды түрде консерватория сайтында  шығарылады.

   

Конференция тезисіне қойылатын талаптар: - Тезис көлемі: 3 бетке дейін;

- жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оңжақ- 1,5 см.

- Times New Roman, KZ Times New Roman – 14 pt

- Жол аралық интервал – бірлік, абзац - 1 см; кітаптық бағдар; беттер қойылымсыз және колонтитулсыз болуы тиіс; мәтін ені бойынша туралануы қажет;

Материалдарға қосымша, сондай-ақ автор (өтінім) туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Файл avtor.doc деп аталынып, автордың аты, яғни конференцияға қатысушы студенттің аты латын әріптерімен жазылуы қажет. Мысалы, Ibrakhim Daryn.doc. Тезистер Microsoft Word форматында сақталынуы тиіс.

 

МАҚАЛАНЫ ОРЫНДАУ РЕТІ:

Жолдың ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН мақала атауы қою шрифтпен көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақала авторының аты-жөні Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні төменде, Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Келесі жолда автордың е-mail көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақаланың өзі енгізіледі.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттар мен негізгі талаптарға жауап бермейтін тезистерді конференцияға жібермеуге құқылы. Ұйымдастыру комитеті материалдарды өңдеу мен түзету жұмыстарын орындамайды. Әрбір тезистің авторы жіберген мәліметтері үшін жауапты.

 

Конференцияға қатысушылар тіркеу қағазы мен тезисті келесі талаптарға сәйкес ұсыну керек:

Конференцияға қатысушы тіркеу қағазы:

Аты-жөні:_____________________________________________________________

Оқу  орны: ____________________________________________________________

Мамандығы, курсы: ____________________________________________________

Байланыс ақпараты:____________________________________________________

Электронды поштасы (e-mail): ____________________________________________

Конференция секциялары: _______________________________________________

Баяндаманы көрсетуге қажетті техникалық құралдар: ________________________

Ғылыми жетекшінің ата – жөні, ғылыми дәрежесі__________________________

Бір автор 1 тезисті жібере алады.

(!) Тезис мәтінінің көлемі 3 беттен аспауы тиіс.

Барлык катысушыларга конференция материалдары электрондык жинақ түрінде таратылады.

Тезистердің электрондық нұсқасын мына (e-mail) поштаға жіберу керек KNConservatory@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тел.: +7 (727) 2 72 95 82.

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 90. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы.

Қосымша сұрақтар үшін:  8 707 833 70 80