афиша

«Заманауи музыкалық түркологияның көкейкесті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалықконференциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМШІЛІГІ

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ

 

(Проф., өнертану ғылымдарының докторы С.Ы.Өтеғалиеваның 60 жылдығына арналған)

 

«Заманауи музыкалық түркологияның көкейкесті мәселелері»

Халықаралық ғылыми-практикалықконференциясы

Алматы, 28-30 мамыр, 2018 жыл

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді заманауи музыкалық түркологияның көкейкесті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияда төмендегідей секциялардың жұмысы жоспарланған:

1.Еуразияның түркі тілдес елдерінің музыкалық аспаптары мен аспаптық музыкасы

·         Түркі тілдес елдерінің музыкалық аспаптары: зерттеу мәселелері

·         ХХI ғасырдағы түркілердің дәстүрлі аспаптық музыкасы

·         Қазақтың домбыра музыкасы:аймақтық, өңірлік және жеке стильдер

 

2. Түркі тілдес елдердің музыкасындағы дыбыс феномені және дыбыс биіктігінің жүйесі

·         Түркі тілдес елдердің дәстүрлі музыкалық терминологиясындағы дыбыс ұғымы

·         Түркі тілдес елдер музыкасындағы дыбыстық модельдер

·         Түркі тілдес елдер музыкасындағы дыбыстың компьютерлік зерттеулері

 

3. Түркі тілдес елдердің музыкалық-поэзиялық және театр өнері. Музейлер

·         Түркі тілдес елдердің ән және жыр мұрасы

·         Еуразия түркі елдерінің қуыршақ театры

·         Музейлер коллекцияларындағы түркі елдерінің музыкалық аспаптары және музыкасы

·         Тарихи-өлкетану және өнер музейлері – түркі елдерінің рухани мұрасы

 

4.Оқу үрдісіндегі түркі тілдес елдерінің музыкасы

·         Түркі тілдес елдер музыкасы материалындағы этносольфеджио: мәселелер мен перспективалар

·         Түркі тілдес елдер дәстүрлі музыкасын тарихи және теориялық курстарда оқытудың мәселелері

 

Конференцияға қатысу формалары: баяндама (15 мин), хабарлама (10 мин), стендтік баяндама, бейнематериалдардың көрсетілімі.

Конференция кезінде кітаптардың тұсаукесері, шеберлік кластары және түркі тілдес елдері дәстүрлі музыкасының концерті жоспарланған.

 

Конференцияның өткізуде қолданылатын тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Баяндамалар жинағын конференцияның басталуына дейін шығару жоспарланғандықтан, конференцияға қатысушылардың материалдары 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылуға тиіс тезистер 2-3 беттен, ал баяндамалар 8 беттен аспауы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қою бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін қою бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Баяндама мәтіні мәтіндік WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол - 1.25 см, сілтемелер мәтін ішінде беріледі). Нөмірленген әдебиет тізімі алфавитті тәртіппен баяндаманың соңында жазылуы тиіс. Әдебиетке сілтемелер шаршы жақшаның ішінде қоснүктемен бөлініп жазылады(бірінші сан- басылым нөмірі, екіншісі- бетінің нөмірі) [6:78]. Суреттер, графиктер және ноталық мысалдар жеке файлмен (jpg c 300 dpi сурет ретінде) жіберілуі тиіс.

Кілт сөздер қазақ, орыс (қазақстандық авторлар үшін) және ағылшын тілдерінде беріледі (10 сөзден аспауы керек, 12 кегльмен). Баяндамаға қазақ, орыс (қазақстандық авторлар үшін) және ағылшын тілдерінде 250 сөзден құралған аннотациялар берілуі қажет.

Егер мақала конференция мазмұнына және берілген талаптарға сәйкес келмесе, Ұйымдастыру алқасының мақаланы жариялаудан бас тартуға құқығы бар.

 

Материалдарды электронды түрде

Айжан Бердібайдың:a.berdibay@mail.ru,

Айгерім Қарсақбаеваның:aigerka85@mail.ru және

Сәуле Өтеғалиеваның:sa_u@mail.ru

электронды мекен-жайларына жіберуге болады.

 

Конференцияны ұйымдастыру алқасы қатысушылардаң толық ақпарат алуы үшін төменде келтірілген өтініш формасын толтырып, 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін жіберуін сұрайды.

Конференцияға қатысушы баяндама жарияланымы үшін төленетін ұйымдастырушылық жарна - 4000 теңге конференцияға келген кезде тапсырылады.

Конференцияға келіп қайту және қонақ үй ақысын қатысушылардың өздері көтереді.

Конференцияны ұйымдастыру алқасының мекенжайы:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы:

Абылайхан даңылы,86

Қазақстан, Алматы 050000

Тел.7 (727)261-76-40, 7 (727)272- 72 -34

Факс: 7 (727)272-63-48

Ұялы тел.       +7 (701) 165-87-72 (Айжан Бердібай)

+7 (707) 845-00-00 (Айгерім Қарсақбаева)

+7 (701) 487-20-21 (Сәуле Өтеғалиева)