Кітапхана

ҚҰРМАНҒАЗЫ  АТЫНДАҒЫ ҚҰК  ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІ


1944 жылы негізі қаланған Құрманғазы атындағы ҚҰК кітапханасы   бүгінде тәуелсіз құрылымдық бөлімше және еліміздегі  ең үлкен ноталық  кітапхана болып табылады.  ҒАКҚ   негізгі миссиясы  Құрманғазы атындағы  ҚҰК  оқытушылары  мен студенттері күткеніне  сәйкес,   ЖОО-ның  қалыптасуы мен дамуына  жәрдемдесу, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету жүйесін  жаңа сапада  қалыптастыру  болып табылады. 


2013 жылдың сәуір айында толық мәтінді электрондық ресурстарды құру бойынша жұмыс жүргізілді.  Бұдан басқа, 2013 жылы ғылыми оқу залына модернизация жүргізілді, соның нәтижесінде пайдаланушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, атап айтқанда   электрондық каталогқа, толық мәтінді дерекқорға, Интернетке,  соның ішінде тегін әлемдік музыкалық ресурстарға қол жеткізілді.      

           

2016 жылы ҒАКҚ қызметкерлерімен «Құрманғазы атындағы  ҚҰК-ның бірегей ноталық  кітапханасы - ашық білім беру ресурсы» жобасын әзірлеп,  ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия жетекшілік ететін ЮНЕСКО-ның 2016-2017 жж  арналған  бағдарламасына қатысуға  өтінім берді.


 Жоба мақсаты  қолда бар  ноталық  қорды  қорғауға, сақтауға  бағыталаған  және әртүрлі ақпарат жеткізушілер арқылы  жұртшылыққа        Консерваторияның бай ноталық  ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беру. Жоба нәтижесінде, сирек кездесетін және құнды  ноталық басылымдар цифрландырылған,  түптелген және қалпына келтірілген.

                         

Бұдан басқа, кітапханалық  ноталық қорларды  қалпына келтіру, цифрлау, және түптеу  бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалып, Қазақстандағы  ноталық кітапханалар арасында таратылды. Онлайн режимінде http://elib.kaznu.kz/notes цифрланған сирек басылымдарға көпшілікке қол жетімділік ұсынылды.


20.01.2011 ж. жағдай бойынша Құрманғазы  атындағы  ҚҰК  кітапханалық қоры 209 085 дананы құрайды, оның ішінде электрондық таратушы CD-578,  мемлекеттік тілде 38 179 дана.


Электронды кітапханада 11859 толық мәтінді құжаттар бар, оның ішінде 3088-і қазақ тілінде. 


Консерваторияның кітапханасында сақталған Қазақстандағы  ең алғашқы ноталық  басылымдар ең үлкен құндылық болып  табылады. Сирек кітаптар қорында  1882 жылы шығарылған   ноталар  сақталған.