афиша

ЗАМАНУИ ӨНЕРДЕГІ (NON)КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

2018 жылғы 26-27 сәуірдегі

ЗАМАНУИ ӨНЕРДЕГІ (NON)КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазіргі заманғы өнер: классика мен жаңа шығармашылық түрлер, этникалық және ұлт үстілік, шынайылық және виртуалдық арасында жиі ұшырасып жатады. Музыка жиі кино, бейнелеу өнеріндегі көркемдік дизайнның бір бөлігі болып табылады, театрда кең ауқымды жобаның бөлшегі ғана емес, теңқұқылы шығармашылық контексттердің бірі болады.

 Өз кезегінде, композиторлар мен орындаушылар шығармаларында көбінесе визуалды әсер мүмкіндіктерін, жарықты, түстер мен музыкалық партитурларда бейнебаян қатарларын пайдалана отырып, таза музыкалық жанрдан ауытқып отырады. Өнер, дәстүрлер мен жанрлардың өзара қарым-қатынасы көркемөнер тарихына біздің конференцияның жұмыс бағыттары негізіндегі бірқатар мәселелерді ұсынады:

·       Классикалық емес жағдайдағы классикалық музыка

·       Классика мен классикалық емес тақырыптарды ғылыми талдау әдістер

·       «Кроссовер» феномені

·       Музыкадағы театрлылық, фильмнің музыкалық сипаты, дыбыс пен кескіндеме және өнердің өзара кірігуінің басқа да мәселелері

·      Шығармашылық пен ғылымдағы этникалық және халықаралық классикаға классикалық емес тәсілдер

·      Қазіргі заманғы өнердегі мектеп және дәстүр


Бұл сұрақтар ойлану бағытын береді, бірақ оны шектемейді. Конференция аясында қазіргі заманғы өнердің сессиялық отырыстары мен концерттері өтеді. Конференция тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері. Баяндама түрінде немесе концертте шығармашылық нөмер түрінде қатысуы мүмкін.

2018 жылдың 15 наурызына дейін Ұйымдастыру комитетіне қатысуға өтінім жіберілуі тиіс. Өтініште (бөлек файлда немесе хатта) баяндаманың аты, қатысушының толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны немесе оқу орны, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі. Студенттер, магистранттар мен докторанттарға да толық аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми кеңесші / кеңесші лауазымы көрсетілуі тиіс. Баяндаманың мәтіні өтінімге қоса беріледі (қосымшада тіркеу талаптарын қараңыз). Конференция басында жинақ шығару жоспарланып отыр. Шығармашылық нөмірге қатысу туралы өтінімде шығармашылық ұғымның қысқаша сипаттамасы және техникалық жасақтамасы болуы керек.

Ұйымдастырушылық төлемдер қарастырылмаған. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми немесе шығармашылық этиканың нормаларына немесе баяндаманы дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтініштерді қабылдамауға құқылы. Баяндамалар мен шығармашылық нөмірлері бағдарламаға қабылданған барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі

Жол жүру және тұруды жіберуші тарап төлейді.

Баяндамаларға қойылатын талаптар


Шығармашылық нөмірге өтініш формасы   


Мекен – жай : 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ. 86. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

E-mail: knk.nauka@gmail.com. Тел. +7(727)272-9095