Музыкалық білім беру және психология

5В010600 – МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

 

Осы мамандыққа үміткерлер үшін алдағы  келетін білім деңгейі болуы мүмкін:

1.     музыкалық колледж, мамандандырылған музыкалық мектеп;

2.     қосымша бес және жеті жылдық музыкалық біліммен орта білім беру мектебі;

3.     өнер колледжі, гуманитарлы-педагогикалық колледжі;

4.     эстрадалы-цирктік училище;

5. ақылы сырттай оқу;

6. жоғары оқу орны (екінші жоғары білім алу – ақылы).

 

 І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Екі тапсырмадан тұрады:

1. Үміткер үш шығарма орындауы қажет:

– пианисттер үшін үш фортепианолық шығарма орындау;

– басқа мамандықтар үшін негізгі мамандығы бойынша кем дегенде 2 шығарма және үшінші «Фортепиано» пәні бойынша шығарма.

2. Коллоквиум орындалатын бағдарлама композиторларының  өмірбаяны, шығармашылығы бойынша сұрақтарды (композиторлік стильдің сипаттамасы, жанры, шығармалары) қамтиды.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Бағалау 29-40 балл:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапта еркін ойнай алуын, авторлық мәтінді сауатты оқуын, шығарма мазмұнын түсінуі, кең ойлай алуы,  музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша терең білімі.   

Бағалау 17-28:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапты жеткілікті меңгеруі, авторлық мәтінді түсініп оқу, шығарма мазмұнын түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнері бойынша жалпы көзқарасы.

Бағалау 5-16:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы және аспапта ойнай алуын көрсетуі қажет, орындалатын шығармалардың мазмұны мен стилистикасын әлсіз түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша шектеулі көзқарас.

Бағалау 0-4:

Үміткерде артисттік және аспапты меңгеру қабілеті жоқ. Оқуға түсу үшін  бағдарлама келтірілген талаптарға сәйкес келмейді. Музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша білімі әлсіз.

 

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Үш тапсырманы қамтиды:

1) тестілеу 30 минут (жалпы музыкалық көқарасы)

 2) өз сүйемелдеуімен әнді орындау (аспап үміткердің өз таңдауымен)

3)  мектепке арналған ән-жинақты парақтан оқу

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

Бағалау 29-40 балл: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 80% - на жауап беруі тиіс. Дауыс және сүйемелдеу қабілеттерін көрсету, орындаушылық еркіндігін көрсету,  вокалдық интоннацияның тазалығы және нота парағын оқи алу қабілеті.

Бағалау 17-28: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 60% - на жауап беруі тиіс. Қандай дауыс дәрежесіне  ие екенін және сүйемелдей алу қабілетін көрсету. Вокалды интоннация тазалығы мен парақтан нотаны оқи алуға қызығушылығын көрсету.

Бағалау 5-16: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 40% - на жауап беруі тиіс. Вокалдық көрсеткіштерін және  концертмейстерлік қабілетін көрсету. Вокалдық интоннация тазалығына және парақтан нотаны дұрыс оқуға ұмтылу.

Бағалау 0-4: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 40% - на жауап берді. Ән айту және аспапқа ілесу қабілетін көрсетпеді. Вокалдық интоннация тазалығын естімейді және парақтан нотаны дұрыс оқымайды.

 

 ІІІ. ҮМІТКЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Кешенді тестілеуге қатысу үшін үміткер Құрманғазы атынд. ҚҰК – ның қабылдау комиссиясына бекітілген бланка үлгісі бойынша өтініш жазады, тестілеуден өту үшін төленген түбіртекті өткізеді. Тестілеуге жіберілген үміткерге суретпен арнайы өткізу қағазы беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1. Қазақстан тарихы.

2. Оқу сауаттылығы (тіл үміткердің таңдауы бойынша қазақ, орыс тілдерінде).

 

 


вернуться в альбомы