Музыкатану

5В040100-Музыкатану

 

І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

- қазақ, орыс немесе шетел композиторларының шығармасына талдау жасау (опера, симфония, соната, концерт, сюитанемесе пьесаның бір бөлімі);

- музыкалық викторина (жазбаша),музыкалық материалды жақсы деңгейде білетінін көрсете алу;

- музыкалық шығармалардан үзінді орындау.

БАҒАЛАУ БАЛАМАСЫ:

АУЫЗША ЖАУАП. Қазақ, орыс немесе шетел композиторларының шығармасына қатысты 3 сұрақтан тұратын билетке ауызша жауап беру; ВИКТОРИНА. Бұл кезеңталапкерлердіңмузыкалық шығармаларды қаншалықты білетінін анықтайды: викторина қазақ, орыс немесе шетел композиторларының шығармаларынан тұрады.

ФОРТЕПИАНО АСПАБЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАН ҮЗІНДІ ОРЫНДАУ. Бағалаудың бұл түрі талапкерден қазақ, орыс немесе шетел композиторларының шығармаларынан 15-тен аса үзінді орындауын талап етеді (аспапта орындау немесе сүйемелдеумен әндетіп айту). Үзіндінің толық қамтылған ойы болуы тиіс, ән болса толық шумақ, аспапты шығарма болса период көлемінен кем болмауы керек.

 

ІІ.МУЗЫКАЛЫ-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН (гармония, сольфеджио)

Гармония – (ауызша) билет бойынша жауап беру, секвенция ойнау (тоналдік немесе модуляциялы), музыкалық шығарманың гармониялық желісін, модуляциясын және құрылымын талдау;

Сольфеджио – (жазбаша) құрамында альтерация, хроматизм, ауытқу және диатоникалық немесе туыстас тоналдікке хроматикалық модуляциясы бар 3 дауысты диктант жазу).


 ІІІ. КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныңқабылдау комиссиясына талап бойынша белгіленген өтінішін білдіріп, тестілеуге қатысу үшін берген төлемақысының түбіртегін көрсетуі қажет. Тестілеуге қатысатын талапкерге фотосуреті жапсырылған арнайы рұқсатнама беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өтеді:

1.Қазақстан тарихы

2.Оқу сауаттылығы (қай тілде оқитынын талапкер өзі таңдайды).


вернуться в альбомы