Педагогика және психология

5В010300– Педагогика және психология

 

Аталған мамандық бойынша абитуриенттердің алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар:

1.     музыкалық колледж, мамандандырылғанмузыкалықмектеп;

2.     қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар жалпы білім беретін мектеп;

3.     өнер колледжі, педагогикалық колледж;

4.     эстрада-цирк колледжі;

5.     жоғары оқу орындары (ақылы негізде екінші жоғары білім алу).

 

АРНАЙЫ ЕМТИХАН

Абитуриенттердің кәсіби жарамдылығын анықтауға бағытталған диагностиклық тестілеу

 

І. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Музыкалық педагогика негіздері

Абитуриент педагогогикалық тақырыпта шығармашылық эссе қорғайды.

Психологиялық, педагогикалық жағдаяттар мен тапсырмаларды шешеді (жазбаша). 

 

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Музыкалық психология негіздері

Абитуриент музыкалық психология негіздері пәнінен мектеп немесе колледж бағдарламасының ауқымында емтихан тапсырады.

Бағалау критерилері

29-40 балл

Абитуриент әртістік шеберлік, орындаушылық мәдениет деңгейін, авторлық мәтінді сауатты оқу, орындаушылық интонация мәдениетін, белгілі деңгейдегі техникалық шеберлігін көрсетуі тиіс.

17-28 балл

Абитуриент шығармаларды орындау жоспарын саналы түрде түсінетіндігін , авторлық мәтінді дұрыс оқып, музыка стилін сақтайды, сөйте тұра техникалық, динамикалық еркіндігі жоқ, орындауы жан-жақты емес және дыбысты сапалы шығара алмайды.

5-16 балл

Абитуриент орындаған шығармалардың мазмұны мен стилистикасын түсінбейді,   музыкалық интонация құралдарын толық меңгермеген (дыбыс, динамика, фразировка, ритм, естігенін дәл беру).

0-4 балл

Абитуриент шығармаларды тоқтап-тоқтап ойнайды, орындаушылық аппаратының шектеулігі, техникалық және көркемдік орындаушылық құралдарынын әлсіз меңгерген, бағдарламасы жоғары оқу орнына түсуге қажетті деңгейге сай емес.

 

ІIІ. АБИТУРИЕНТТІ КЕШЕНДІК ТЕСТІЛЕУ

Кешендік тестілеуге қатысу үшін абитуриент Құрманғазы атындағы ҚҰК қабылдау комиссиясына белгіленген бланкіде өтініш, тестілеуге қатысу үшін төлемақы квитанциясын тапсырады. Тест тапсыратын абитуриентке суреті мен арнайы өту парағы беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1. Қазақстан тарихы.

2. Оқу сауаттылығы (абитуриенттің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілі).



вернуться в альбомы