афиша

Вокалдық өнер


5В040300 – ВОКАЛ ЖӘНЕ ДИРИЖЕРЛЕУ

«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ


І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Бағдарламаны орындау:

1.    16-18 ғғ. композиторларының көне ариясы

2.    Классикалық орыс немесе батыс-еуропа романсы

3.    Қазақ халық әні

Бағалау критерийлері:

33-40 баллдық баға:

Талапкер жоғары вокалдық қабілет көрсетуі керек, орындаушылық шеберлік, стильді және музыканы сезінуі, орындаушылық интонация мәдениеті де жоғары.

24-32 баллдық баға:

Талапкердің әнді түсініп орындауы, мәтінінің дұрыс болуы, стилистикалық қалпы сақталған. Бірақ техникалық еркіндігі жоқ, әнді құбылтуы және орындау деңгейі ерекше емес.

15-23  баллдық баға:

Стилистиканы түсінуі төмен және шығарманың мазмұнын түсінбейді, музыкалық интонацияның әдістерін жеткіліксіз деңгейде білуі (интонация, естуі, фразировка, ырғақ).

1-14 баллдық баға:

Өз-өзін ұстауы, игеруі, ырғақты сезінуі жоқтың қасы, музыканы әсерлеудің көркемдік және техникалық тәсілдерін білмеу, шығармашылық бағдарламасының деңгейі сәйкес келмеу.

ІІ.  МУЗЫКАЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Элементарлық  музыка теориясы – ауызша билет бойынша (аккордтар тізбегін ойнау, номерді талдау).

Сольфеджио – жазбаша (бір дауысты диктант).

ІІІ. ТАЛАПКЕРДІҢ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ 

Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қабылдау комиссиясына қажетті үлгідегі өтінішін жазып, тестілеуден өту үшін жарғысы төленген түбіртегін өткізу керек. Тестілеуге жіберілген адамға фотосуреті бар арнайы рұқсат қағазы беріледі. Тестілеу мына пәндер бойынша өтеді:

1. Қазақстан тарихы

2. Оқу сауаттылығы (тіл таңдау еркі талапкерде)

     


вернуться в альбомы