БЕКМҰХАНБЕТОВ БАУЫРЖАН ДУЙСЕНҰЛЫ

Зертхананың жетекшісі



Байланыс:  +7 (727) 272 95 90; 


e-mail: Baukentay26@mail.ru;


БІЛІМІ: 
1. 2003-2006 жж. – П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжін домбыра мамандығы бойынша бітірдім, мұғалім, оркестр және ансамбль солисті, дирижер.
2. 2006-2010 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы. Халық музыкасы факультеті. Дәстүрлі музыкалық өнері мамандығы.
3. 2010-2012 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы. Арт-менеджмент мамандығы бойынша Өнер магистрі.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
Білікті музыкатанушы-мультиинструменталист, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертхананың жетекшісі, Арт менеджмент кафедрасының оқытушысы, күйші-композитор, зерттеуші және Дәстүрлі Жетісу күйшілік мектебінің орындаушы, жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты домбыра сыныбының оқытушысы.
2011 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының Грант иегері;
2018 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі атынан Еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы» -мен марапатталдым;
 «Тұран» Этно-фольклорлық ансамблінің құрамында
Үш CD күйтабағын шығарды:
CD «Тұран» 2009ж.
CD «Ер Тұран» 2011ж. (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының қолдауымен)
CD «Ұлы Тұран» 2016ж.

_______________________________________________________________________________


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми- зерттеу фольклорлық зертханасы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасы – қазақ және басқада халықтардың дәстүрлі музыкасын жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша Қазақстандағы ірі орталықтардың бірі.

60 жылдан астам тарихында (1958 жылдан қазіргі уақытқа дейін) – ғылыми зертханада дыбыс жазбаларының бірегей мұрағаты құрылған болатын және оны Қазақстанның білікті ғалым-фольклортанушылар, этномузыкатанушылардың жетекшілігімен (Б.Ерзакович, А.Темирбекова, Х.Жүзбасов, Б.Қарақұлов, С.Елеманова және басқада өнер майталмандары) дәстүрлі музыка саласында ауқымды зерттеулер жүргізілген.

Қазіргі уақытта Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетекшілік қызметін өнертану магистрі Бекмұханбет Бауыржан Дүйсенұлы жүзеге асыруда.

Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының қоры 1958 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде Консерватория жүргізген далалық (экспедициялық) зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты.

Өндірістік тәжірибе пәнінің аясында музыкалық дәстүрді жан-жақты зерттеуді мақсат еткен «Музыкатану» мамандығының студенттері, зертхана қызметкерлерінің басшылығымен фольклорлық экспедициялар жұмысына қатысады, және қазіргі таңда бұл тәжірбие жалғасын табуда. Экспедиция барысында аспаптық музыка, әндер, эпикалық шығармалар дыбыс және бейне жазбалары жүзеге асырылады.


ҒЗФЗ қызыметінің басты бағыттары:

·      консерваторияның дыбыстық жазбалар қорын қазақ және басқа да халықтардың дәстүрлі, қазіргі заман музыка үлгілерімен толықтыру және сақтау;

·      далалық экспедиция кезінде жинаған және стационарлық жағдайда жазылған музыка үлгілері жайлы мәліметтерді жазу, оны есепке алу;
·      өңдеу, цифрландыру, жүйелеу, каталогтау және дыбыс жазбаларын нотаға түсіру;

·      дәстүрлі және қазіргі заманғы музыка саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

·      студенттерге фольклорлық құжаттармен жұмыс жасауды және ғылыми зерттеудің негіздерін үйрету;

Зертхана қызметінің ғылыми бағдарламасында, экспедициялық жұмыстарды қосқанда, материялдарды жариялау, оны дайындау, сонымен қатар теориялық зерттеулерді жүзеге асыру, түрлі семинарлар, конференциялар, концерттер өткізу қарастырылады.

Зертхананың жұмыс жоспарына мультимедиялық жоба кіреді. Бұл жоба аймақ пен орындаушылар жайлы анықтамалық ақпаратты қамтитын музыкалық мұрағаттан тұрады. Жоба Құрманғазы атындағы ҚҰК-ң ҒЗФЗ-ң фольклорлық жазбаларын цифрландыру және қалпына келтіруге байланысты еліміздің дыбыстық жазба мұрасын сақтап қалу және фономұрағатқа тыңдаушының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертхананың жоспарында – білім беру мекемелер, оқу орындармен қарым-қатынасты дамыту және оны қолдау аясында музыкалық мәдениет дәстүрлерін, оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, экспедицияларды, фестивальдарды, мәдени іс-шаралар өткізуді насихаттау саласында бағдарламалар мен іс-шараларды дайындауға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету қарастырылған.

Фольклорлық зертхана – Қазақ халқының бай ұлттық музыкалық фольклорының дамуына, ән, аспаптық мұралардың зерттелуіне ықпал етуі тиіс.