ҚАРСАҚБАЕВА АЙГЕРІМ ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ

Ғылыми хатшы

Байланыс тел.: +7(727)2610712; +77078420000.

E-mail: aigerka85@mail.ru

БІЛІМІ:

2004-2009 – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ММ (өнер бакалавры) 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері.

2009-2011 – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ММ (өнертану ғылымдарының магистрі) 6М040400 – Дәстүрлі музыка өнері.

2018 жыл – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ докторанты 6D040400 – Дәстүрлі музыка өнері.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

2003-2013 – «Алматы әуендері» МКҚК, «Сазген сазы» ФЭА орындаушысы.

2011 жыл – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ММ, оқытушы.

2016 жыл – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ММ, аға оқытушы.

2017 жыл – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.

2018 жыл – Ғылыми хатшы.

 

Ғылыми хатшының негізгі лауазымдық міндеттері:

1.    Ғылыми кеңестің құжаттарын жүргізу және құжаттарды уақытылы Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне беру.

2.    Консерваторияны өз құзыреті шегінде құжаттармен қамтамасыз ету.

3.    Ғылыми кеңес төрағаның, оның орынбасарының, проректорлардың және басқа да ғылыми кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, ғылыми кеңестің жұмыс жоспарын дайындау.

4.    Ұйымдастырушылық және техникалық дайындықты қамтамасыз ету, Ғылыми кеңес мәжілістерін өткізу.

5.    Ғылыми кеңес мүшелері мен мәжіліске шақырылған тұлғаларды мәжілістің күні, уақыты, күн тәртібі туралы хабардар ету.

6.    Алдағы мәжілісте қаралатын мәселелер бойынша материалдар мен шешімдер жобаларын ғылыми кеңес мүшелеріне тарату.

7.    Отырысқа қатысқан Ғылыми кеңес мүшелерін тіркеу, төрағаға кворум туралы ақпарат беру.

8.    Ғылыми Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау және қамтамасыз ету.

9.    Ғылыми кеңес отырыстарының хаттамаларын жүргізу.

10.    Мәжілістердің хаттамаларынан, анықтамалардан, ректордың тиісті бұйрықтарының жобаларынан және өз құзыреті шегінде басқа да құжаттардан қажетті үзінді көшірмелер жасау.

 

Ғылыми хатшы құқылы:

1.    Құрылымдық бөлімдердің басшыларынан, профессор-оқытушылар құрамының мүшелерінен және консерваторияның басқа да қызметкерлерінен оның қызметінің мәселелеріне қатысты қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату;

2.    Құжаттарды қарау және оларды құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, профессор-оқытушылар құрамының мүшелеріне және консерваторияның басқа да қызметкерлеріне орындау үшін жіберу;

3.    Орындаушылардан құжаттарды жасаудың және ресімдеудің белгіленген ережелерін бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауды талап ету;подписывать и визировать документы в пределах своей компетенции;

4.    Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын, төрағаның жеке тапсырмалары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын қадағалау;

5.    Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара байланыста болу.