афиша

Вокалдық өнер кфедрасы

Кафедра тарихы

1944 жылдың 1 қазанында құрамында жеке ән кафедрасы қызмет ете бастаған Мәскеу мен Ленинград консерваториясының үлгісіндегі Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуден Алматыға көрнекті өнер қайраткерлер көшірілді.

Кафедраның алғашқы құрамына А.М. Курганов, С.С. Коробов, А.В. Гуцаловская, А.К. Мизонов, С.С. Котляр, Н.Ф. Нагулина, Н.Н. Самышина және т.б. енді. Олардың Қазақстандағы қызметі аз уақыттың ішінде ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, орыс мәдениеті арқылы дәстүрлі еуропа мәдениетімен сусындаған жаңа қазақстандық мәдениет құбылысының қалыптасуына елеулі әсер етті.

Кафедраның алғашқы бітірушілеріне айналған Б.Б. Жылысбаев  Р.У. Жаманова, Е.Б. Серкебаев, Б.А. Төлегенова, Н.А. Шарипова, Н.Д. Юмашева, К.И. Бобошколардың әсер етуі арқылы ең жоғары деңгейдегі шығармашылық, оқытушылық, және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асырған ортақ ойлы берік педагогикалық ұжым қалыптаса алды.

Жеке ән кафедрасының 74 жылғы жемісті еңбегі нәтижесінде опера әншілері, филармония солистері, барлық мүмкін болған музыкалық ұжымдардың хор әртістері мен жеке ән орындаушылар сияқты бірегей саңлақтар тәрбиеленіп шықты. Кафедра бітірушілерінің арасында 5 КСРО Халық әртісі, 50-ден астам ҚР Халық әртісі, 300-ден астам әртүрлі халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаттары мен жеңімпаздары бар.

Қазіргі уақытта КСРО Халық әртісі, профессор Б.А.Төлегенова мен  ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор С.Г. Құрманғалиева кеңесші педагог ретінде кафедрада қызмет атқарады. 

2016 жылдан бастап «Вокалдық өнер» кафедрасының меңгерушісі ретінде доцент Т.А. Смайлова қызмет атқарып келеді. Оның жетекшілігімен кафедрада ҚР Халық әртісі профессор Ғ. К. Есімов, Моңғолия халық әртісі, профессор Қабылаш Әбікейұлы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Б. Қ. Қожабаев,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ұ.М. Кенжебеков, доценттер Ж.М. Мекенбаева, Р.Ә. Смайлова, В.Г. Шаплыко, С.А. Бринюк, Г.А. Нұрғалиева,         С.А. Нұрғалиева, аға оқытушылар Ж.Б. Бәйнешов, Ж.К. Баспақова, А.А. Юсупова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Б. Дәуірбаева, Б.К. Жұбаева,  Д.Х. Дүтмағамбетова, оқытушылар Ж.К. Аманова,                     Е.Х. Дүйсебаев, И.У. Садықова, Т.К. Бекназарова, С.Х. Благодарная және т.б. қызмет атқарады.

Дарынды бітірушілер арасында Шахимардан Әбілов, Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Талғат Мұсабаев, Андрей Трегубенко, Талғат Күзембаев, Медет Чотабаев, Қайыржан Жолдыбаев, Дина Хамзина, Жұпар Ғабдуллина, Лада Қысықова, Анастасия Кожухарова, Сара Найман, Жәмила Жарқымбаева және т.б.  танымал әртістер бар.

Кафедра көпжылдық қызмет барысында педагогтардың әдістемелік еңбектері арқылы құнды педагогикалық жағдай жасай алды. Түрлі педагогикалық бағдарламалар, барлық дауыстарға арналған репертуарлар тізімі қосылған типтік бағдарламалар жасалып, әдістемелік нұсқаулардың жазылуы осындай ерен еңбектің нәтижесі.

Кафедра ұстаздарының аға буын өкілдері жас педагогтарға әдістемелік көмектер ұсынып, өз ойларын ортаға салып отырады. Сонымен қатар білімді ұстаздар қатал әрі талап қойғыш оқытушы қызметін сақтай отырып, студенттер талантының көзін ашып, шығармашылық даралық пен жас жалындарын жылылық пен мейірімге бөлейді. Бітірушілер алынған білім және вокалдық-орындаушылық мәдениет дағдысымен қатар өз жүректерінде оқытушысына деген сүйіспеншілік, сыйластық, адалдық тәрізді адами қасиеттерді қоса сіңіреді.

         Кафедраның ондаған жылдар бойғы жемісті еңбегі заманауи вокалдық ұлттық мектептің қалыптасуы мен оның Қазақстан мен шет елдердегі табысының мызғымас негізіне айналды. 


Оқытушылар құрамы: 


Смайлова Т.А. - Вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі, доцент; 

Авхий Х. - профессор, Моңғолияның халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;   

Есимов Г.К. - профессор (ВАК), ҚССР халық артисі, ҚР білім ісінің үздігі, Құрмет ордені; 

Тулегенова Б.А. - кеңесші,  ҚССР халық артисі, академик, профессор, Соц.еңбек ері;

Қаржаубаева С.К. - профессор,  өнертану докторы;

Курмангалиева С.Г. - кеңесші, профессор;

Кожебаев Б.К. - доцент (акад),  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет ордені;

Кенжебеков У.М. -  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент (акад);

Баспакова Д.Т. -  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, аға оқытушы;

Даурбаева Г. - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оқытушы;   

Жумаш А.И. - доцент, өнертану;

Бринюк С.А. - доцент (акад);

Мекенбаева Ж.М. - доцент (акад);

Нургалиева Г.А. - доцент (акад);

Нұрғалиева С.Ә. - доцент (акад);

Смаилова Р.А. -  оцент (акад);

Шаплыко В.Г. - доцент (акад);

Байнеш Ж.Б. - аға оқытушы;

Юсупова А.А. - аға оқытушы;

Бекназарова Т.К. - оқытушы;

Благодарная С.Х. - оқытушы;

Дүтмагамбетова Д.Х. - оқытушы; 

Дүйсебаев Е.Х. - оқытушы;   

Аманова Ж.Қ. - оқытушы;

Жубаева Б.К.- оқытушы;

Садыкова И.У. - оқытушы;