афиша

Ансамбль өнері кафедрасы

 КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ


ансамбл.jpg


«Ансамбль өнері» кафедрасы - консерваторияның шығармашылық орындаушылық кафедраларының бірі. Кафедра өзінің көп қырлы қызметінде өнер бастауында тұрған музыканттар ұрпағының дәстүрлерін дамытуды жалғастыруда, жоғары білікті музыкант мамандарды тәрбиелеп, жинақтаған тәжірибесін өз студенттеріне жеткізуде.

Камералық ансамбль кадрларын ұйымдастыру 1946 жылы басталды. 4 адамнан тұратын алғашқы түлектер 1949 жылы ұшып шықты, осылайша республикада ансамбльдік орындаушылыққа бағдарланған кадрларды даярлау бастауын алды.

Кафедра әртүрлі жылдарда жаңа сапалы бағыттарды жасауға талпыну жолында түрлі өзгерістерді басынан өткерді. Нәтижесінде, жоғары білікті кадрлардың даярлығын жақсарту және бейіндік мамандықтарды біріктіру бойынша жаңа құрылымды іздестіру мақсатында 2008 жылы екі кафедраның: концертмейстерлік шеберлік, камералық ансамбль және ішекті квартеттің қосылуы орын алды. Кейінірек «Ансамбльдік өнер кафедрасы» деген жаңа атау пайда болды.

Құрманғазы атындағы ҚҰК-да оған саналы ғұмырын арнаған өз ісінің ынтагерлері мен жоғары білікті шеберлердің жұмыс істегендігі және істеп жатқандығы консерватория тарихының жарқын болуына оң септігін тигізді. Біз қашанда өзіміздің тәлімгерлерімізді, консерваторияның қалыптасуы барысындағы күрделі жолды жүріп өтіп, кафедраның құрылуы басында тұрған аға әріптестерімізді зор құрметпен және ризашылықпен еске аламыз. Олар Р.С. Кацман, К.А. Господарь, Ф.Д. Мавриди, М.К. Романова, С.С. Горенман, Л.И. Ошкукова, И.В. Шабынина, Е.А. Ковалева, Д.И. Камалиева, Г. И. Кононенко, С. В. Костевич және көптеген басқалары. Сол кезде бұл кафедраның жарқыраған құрамы болатын, осы тамаша музыканттардың есімдері консерватория тарихымен тығыз байланысты және олар болмаса кафедраның құндылығы да болмас еді.

Кафедраның негізгі міндеті – музыкалық-көркемдік құндылықтарды сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған орындаушылық, оқытушылық және мәдени-ағартушылық қызметтерді орындауға даярланған, ансамбльдік-орындаушылық шеберлігін меңгере білген жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу болып табылады.

Кафедра жұмысындағы басым бағыттардың бірі - шығармашылық жұмыс. Кафедраның жаһандық жобасы - «Камералық музыка фестивалі» болып табылады, оған танымал музыканттар, камералық орындаушылықпен аты әлемге танылған беделділер, консерваторияның студенттері және өте жас дарындар қатысады. Фестивальдің міндеті - камералық музыканың классикалық мұрасын көпшілікке тарату және жаңа есімдерді ашу мақсатында дарынды жас музыканттарды тарту болып табылады.

Жыл сайынғы камералық музыка фестивалі ұлттық мәдениеттер кеңістігінде салмақты рөл ойнап, мәдениетаралық байланыстарды орната және жаһандық мәдени процестегі өзара ықпалдастықты тудыра жүріп, өзінің жоғары мәртебесін растай білді. Фестивальді өткізудегі мақсат – көпшілікке тарату және композиторлардың шығармашылық мұрасы мен камералық музыканың озық бейнелерін көрсетудің сапалы әдісі, жас дарынды музыканттарды, соның ішінде студенттерді, магистранттарды, жас оқытушыларды тарту, жаңа есімдерді ашу болып табылады.

Дарынды музыкант Д. Курманалинованың бастамасы бойынша бірегей ұжым - D'EL'SA Consort ежелгі музыка ансамблі құрылды, ол барокко дәуірінің эстетикалық концепциясын жеткізіп, өткен дәуірдің музыкалық мұрасының ұмыт қалған парақтарын аша отырып, шығармаларды бастапқы мәнерінде орындайды.

Оқытушыларда өтетін сыныптағы сабақтармен қатар, студенттердің қазіргі заманғы танымал музыканттардың шеберлік-кластарында өнермен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Соңғы жылдары П.И. Чайковский атындағы ММК профессорлары Т. Алихановтың, А. Бондурянскийдің, Е. Сорокинаның, А. Галковскийдің, В. Ивановтың, И. Котляревскийдің, М. Никешичевтің, Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясының профессорлары Е. Семишинаның, С. Урываевтың, Лида-Чен Аргерихтің (Швейцария), "Sonore" квартетінің және көптеген басқаларының шеберлік-кластары өткізілді.

Кафедра Халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиелеп шығарды, олар бүгінде концерттік сахналарда сәтті өнер көрсетіп, көптеген шығармашылық ұжымдарда жұмыс жасауда және табысты педагогикалық қызмет атқаруда. Кафедра оқытушыларының дәстүрлі өнер көрсетуі, ең үздік ансамбльдердің қатысуымен сынып концерттерінің өткізілуі студенттердің шығармашылық қызығушылығын оятады, оларға ансамбльдік музыкамен әуестенудің қиын да, қызықты әлеміне енуге көмектеседі, оларда камералық-аспаптық өнерді насихаттау және кәсіби қажеттілік сезімін дәріптеу ниетінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Кафедра ұжымымен ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстар - ғылыми, әдістемелік әзірлемелерді, мақалаларды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау және жариялау, ғылыми-әдістемелік конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен шеберлік кластарды дайындау және өткізу, әдістемелік жұмыстарды рецензиялау жүргізілуде. Кафедраның бастамасы бойынша 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Кафедраның оқытушылары байқаулар мен фестивальдердің, мемлекеттік аттестациялық комиссияның қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысады. Жоғары оқу орнына дейінгі музыкалық білім беру сатыларымен: музыкалық мектептер және колледждермен шығармашылық байланыстар нығайып келеді, көшпелі концерттер, шеберлік кластары, ашық сабақтар мен арнайы орта оқу орындарының оқытушыларына көмек ретінде консультациялар ұйымдастырылады.

Кафедраның жемісті қызметі – бұл тамаша музыканттардың шабытты еңбегі, пікірлес ұстаздардың қажырлы да, терең ізденістерінің нәтижесі.

Бүгінгі күні кафедра тәжірибелі профессор - оқытушылар құрамымен толыққан және шын мәнінде шығармашылық атмосфера орныққан үлкен ұжым болып табылады.

 


Оқытушылар құрамы: