афиша

Арт-менеджмент кафедрасы

Кафедра тарихы


2007-2008 ж.ж. эксперимент режимінде «Арт-менеджмент» мамандығы ашылды.

Сол кезеңде   тарихи-теориялық факультеті,  музыка және менеджмент факультеті болып өзгерді және МжМ факультетінің бір бөлімінде үш мамандық біріктірілді : олар  музыка, композиция және өнерді басқару.


 2009 жылы  - Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының сыныптауышы  «Арт-менеджмент» мамандығын енгізу, білім беру мен лицензиялаудың мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы маңызды оқиға болды. Соның арқасында  2009 жылдан бастап 2014 жылдың маусымына дейін  композиция және арт- менеджмент кафедрасы факультеттің дербес тобына  айналады. 

 Көрсетілген кезеңде кафедра меңгерушісі,  елімізге белгілі мәдениет қайраткері, іскерлік  басқару  докторы (DBA),  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», профессор,  вице-министр А.Р Райымқұлова болды. 


2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Арт- менеджмент» мамандығы «Музыкалық білім берудің педагогикасы мен психологиясы» кафедрасының құрамына кірді. Оны п.ғ.к., профессор, «Мәдениет саласының үздігі » З.Ш. Шекеримова басқарады. 


Осыған байланысты бөлімше педагогика және арт-менеджмент кафедрасы болып өзгертілді. 

2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Арт-менеджмент»  «Музыкалық білім берудің педагогикасы мен психологиясы» кафедрасының құрамынан  шығып, тәуелсіз кафедра болып қалыптасты .

Кафедраның меңгерушісі болып экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.И. Баймахамбетов жетекшілік етеді.

Негізгі жетістіктер:

- Мамандық ашылғаннан бері  70-тен астам мамандар (1991-1997 жж. - «Концерттік жұмыстарды ұйымдастырушы» біліктілігі берілген  40 маман, 2009-2017 жж. - «бакалавр» және «арт-менеджмент магистрі» біліктілігі берілген 36 маман  бітіріп шықты. 

 Профессорлық -оқытушылар құрамы кафедрасынан 1 докторлық және 8 магистрлік  диссертация  қорғалды;

- ПОҚ  кафедрасы  жыл сайын шетелдік және отандық мамандарды тарта отырып, арт-бизнес бойынша  оқыту жүйесіне қатысады;

 - ғылым, білім және өнер саласында халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыруға үнемі қатысады ;

- Арт- саласында инновациялық жобаларды дамытуға қатысады .

Оқытушылардың құрамы: