афиша

Домбыра кафедрасы

КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

«Қазақ нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра» – деп, ақын Қ.Мырзалиев жырлағандай, домбыра аспабы мен ұлт болмысы бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Домбыра күйлері қазақ ұлтының шежіресі, тарихы, бар болмысы. Дәстүрлі «Құйма құлақ» әдісімен ғасырдан ғасырға жалғасқан бұл өнер өткен ғасырдың 30 жылдарында кәсіби бағытқа бет бұрды. Кәсіби домбыра өнерінің іргесі 1934 жылы құрылған 11 адамдық домбырашылар ансамблі қазіргі академиялық Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бастауы болды, ал 1944 жылы «музхор» комбинат базасында консерватория ашылған кезде домбыраның дайындық курсына екі студент қабылданады. Олар кәсіби қазақ өнерінің шоқ жұлдыздары болған Х.Т.Тастанов және Ш.С.Қажғалиевтар еді. 1945 жылы ашылған Халық аспаптар кафедрасына домбыра мамандығынан оқытушылық қызметке халық арасындағы таланттар, дәулескер күйшілер Қ. Жантілеуов, Л. Мұхитов,  кейіннен Ғ. Әлжанов және Ж. Қаламбаевтар шақырылады. 1950 жылы алғашқы түлектер Х. Тастанов, Қ. Мұхитов, Ф.Мансуров, Р. Омаровтар оқытушылық жұмысқа қалдырылып, қайда, қай салада жүрседе, өмірлерінің соңғы сәттеріне дейін домбыра өнерінің дамуына ерен еңбек сіңірді.

Кафедрада домбыра аспабымен қатар шертер, домбыра прима, бас домбыра мамандықтары бар. Сонымен бірге кафедра домбырашылары қосымша фольклорлық аспаптарды, «Күй хаттау»,«Күйді аспаптандыру»,«Суырып салма»(импровизация)  т.б. музыка маманына тәжірибеде керекті нағыз білім қорын ала алады. Мұның барлығы соңғы жылдары жан-жақтылық білім қорына, заманауи сұранысқа байланысты ұстаздар ұсынысына әкімшілік тарапынан қолдау тапқан кең  бағдарламалы  бағыт болып есептелінеді.     

2011 жылға дейінгі аралықта кафедрада белгілі күйші орындаушылар, күйші композиторлар, күй танушылар М.Әубәкіров, Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров, Б.Қарабалина,С. Балмағамбетов, А.Жайымов, Т.Мерғалиев, А.Тоқтаған, примашылар Н.Лавченков, М.Нарымбетов, алғашқы шертерші Ө.Хамзин сынды білімдар, танымал мамандар жас орындаушыларға тәлім берді.

Халық аспаптары кафедра меңгерушілігі қызметін академик А. Жұбанов, Х. Тастанов, Ф. Балғаева; домбыра кафедрасында Қ.Мұхитов, А. Жайымов, М.Әубәкіров, Қ. Ахмедияровтардың атқару жылдарында күй өнері орындаушылық, ғылыми-зерттеушілік қырларынан қатты дамыды. Әлемде теңдесі жоқ дәстүр негізді жоғары кәсіби деңгейдегі домбыра өнері қалыптасты. Осы орайда көмекке келер оқу-әдістемелік ғибыратнамалы жинақтарды баспадан шығару кафедра ұстаздарының түбегейлі ұстанымы болды. Академик А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», «Өскен өнер», «Ән-күй сапары», «Құрманғазы», «Дәулеткерей» кешенді еңбектерінің ізімен араға көп жылдар салып Х.Тастановтың «Домбыра үйрету әдістері», «Домбыраға арналған хрестоматия», Т. Мерғалиевтің «Домбыра сазы», «Жаңа дәуір жыршысы» еңбектері, ғылыми-танымдық, әдістемелік оқу құралдары, күй, жеке күйшілер қақындағы кітаптар жарық көрді.    

Профессор Қ. Мұхитов меңгерушілік жылдары жеке кафедра, мамандар сарабы, арнайы пән бағдарламалары, студент құрамы, кафедралық құжаттар жолға қойылды.

Профессор А. Жайымов басқарған уақытта күй өнері алға шықты, ғылыми-зерттеу жұмысы өте жоғары деңгейге жетті.А.Жайымов «Домбыра ойнау өнері» 2 том, «Домбыра мен қобызға арналған шығармалар», «Шаттанамын», «Шалқыма» т.б. С.Бүркітов, Б.Ысқақовтармен бірге «Домбыра үйрену мектебі», А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең», «Күй қайнары»  т.б. еңбектер.

М.Әубәкіров меңгерушілігі мерзімінде сиректеу берілетін шығармашылық қасиет өрістеуімен қатар, ұстаздар концерті, студенттер шығармашылығы айтарлықтай деңгейге көтеріліп ғылыми жұмыстар жалғасты. А.Тоқтағанның «Күй керуені»«Домбыраға арналған хрестоматия» т.б., Ө.Хамзиннің шығармалар жинағы,   Б.Ысқақовтың «Салтанат» т.б. ғылыми зерттеушілік, оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді. Жас таланттар, күйшілік өнер сайыстарының жүлдегерлері А.Үлкенбева, Р.Күлшебаев, Т.Орынтаев, Ж.Нұржауов сынды жастар осы жылдары жұмысқа қабылданған болатын.

1994 жылдан бұл сындарлы да күрделі басшылықты профессор Қ.Ахмедияров жан-жақты дамытып, домбыра өнері биік белестерді бағындырды. Бүгінгі таңда профессорлар Б.Ысқақов,  К.Сахарбаева, доценттер А.Үлкенбаева, А.Райымбергенов, Е.Басықара, З.Ізмұратовалар аға буын саналады және  республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегерлері аға оқытушыларС.Садықов,Қ.Жұмағали, Б.Игілік, С.Құдайбергенова, ө.ғ.к. Е.Үсенбаев, жас буын А.Жұмағалиева, О.Сүлейменов, Ә.Әлина, А.Жүдебаевжалғастыруда. 2007 жылдан кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет қайраткері, доцент С.Садықов.

Кафедраның шығармашылық өресі өте жоғары. Қазақстанның барша күйшілік мектептері қамтылған тақырыпты концерттер, үн-бейне таспалар, СD дискілер, деректі фильмдер көптеп саналады.  Мемлекеттік «Мәдениетті қолдау», «Мәдени мұра» кешенді бағдарламаларында ұстаздар Қ.Ахмедияров, К.Сахарбаева, Б.Ысқақовтар белсене ат салысты. «Қазақ музыкасы антологиясының» 7 томдығы халықпен қауышты. Мұнан басқа Қ.Ахмедияров (Табыну, Шынар, Жігер, Күй ұран, т.б.), Б.Ысқақов (Сарыарқа саздары, Алтай- Тарбағатай күйлері – 2 том, т.б.), К.Сахарбаева (Атырау ән- күй мұхиты, Домбыра дастан, Домбыра үйрету әдістеріт.б.), Е.Басықара (Шертерге арналған шығармалар, Шертерге лайықталған күйлер мен шығармалар, Шертер үйрену мектебі, үн- бейне таспа), З.Ізмұратова (Шертер үйрену мектебі, Шертерге лайықталған күйлер)т.б. Бұл үрдісті С.Садықов, Қ.Жұмағали, Б.Игілік, А.Жұмағалиевасынды жас ұстаздар ізденіс жұмыстарын сүрлеуінен айырмауға тырысуда.

1987 жылы құрылған «Халық аспаптары» факультеті құрамында «Домбыра» кафедрасы ұжымының жұмысын алға апарудағы кафедра меңгерушісі қызметін Қ.Ә. Мұхитов 1980-1986 ж.ж., А.Т. Жайымов 1986-1991 ж.ж., М.Ә. Әубәкіров 1991-1996 ж.ж., А.Қ. Ахмедияров 1996-2007 ж.ж. атқарды. 2007 жылдан бері меңгерушілік қызметін профессор С.Садықов басқарып келеді.

1980-91 жылдары ұстаздық еткен Т.Бәділов, С.Балмағамбетов, И.Айтжанов, К. Сахарбаева (алғашқы ассистент-стажер), А.Райымбергенов, О.Дүйсенов, Е.Басықара, Б.Ысқақовтар.

1993-96 жылдары оқытушылық жұмысқа А.Үлкенбаева, З.Ізмұратова, Т.Мукушевтар қабылданып, еңбек етуде. 1990 жылдары Ә.Атығаев, Т.Орынтаев, Ж.Қазанбасов (Нұржауов), С.Бүркітовтер кафедраға қабылданып, кейін жұмыс бабымен орын ауыстырған.

1996-97 ж.ж. Ғ.Ахмедияров, Қ.Әділов,

1999-2000 ж.ж. Б. Игілік,

2000-2001 ж.ж. М.Қалауов, Н.Жорабеков (сыбызғы пәнінен факультативтік пән) С.Құдайбергенова,

2003-2004 ж.ж. С.Сәлімгерей, Қ.Жұмағали, А.Сәрсенғалиева, Д.Шәбденова, Н.Басықара, А.Ахатов, А.Садуақасовтар оқытушылық міндетін қабылдады.

2005-2013 ж.ж. Г.Далбағай, А.Жұмағалиева, Ә.Алина, С.Бибатырова, А.Батырхайырова, Б.Құрақбаев, А.Жүдебаев, О.Сүлейменов, Е.Үсенбаев, Ж.Бертісов, С.Сабырғалиева сынды жас ұстаздармен толықты.

2014-2015 ж.ж. кафедра құрамында: С.Садықов – кафедра меңгерушісі, доцент; К.Сахарбаева, Б.Ысқақов, А.Үлкенбаевалар – профессорлар; А.Райымбергенов, Е.Басықара, Т.Мукушев, З.Ізмұратова, Қ.Жұмағали–доценттер; Б.Игілік, А.Жұмағалиева–аға оқытушылар, С.Құдайбергенова, Ә.Алина, Г.Далбағай, Н.Жақыпбек, А.Тілепбергенов, С.Пазылов, Е.Жәменкеевтер еңбек етті.

2015-2017 Е.Какежанов,  А.Дүйсебаева (ұстаздық машықтану пәні бойынша) қатарға енді.

2018-2019 ж.ж. кафедра құрамында: С.Садықов – кафедра меңгерушісі, доцент; К.Сахарбаева, Б.Ысқақов, А.Үлкенбаева, С.Садықовтар – профессорлар; А.Райымбергенов, Е.Басықара, Т.Мукушев, З.Ізмұратова, Т.Тоқжанов, Қ.Жұмағали–доценттер; Б.Игілік, А.Жұмағалиева, С.Құдайбергенова, Г.Далбағай, Н.Жақыпбектер –аға оқытушылар, Н.Әшіров (ХМФ деканы), Ә.Алина, А.Тілепбергенов, Е.Какежанов, Е.Жәменкеевтер оқытушылық қызметтерін атқаруда. 


Оқытушы құрамы:


Садықов С.Б. - Профессор, кафедра меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері

Сахарбаева К.С.- профессор (ВАК), ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Алина А.Қ. - Оқытушы, Өнертану ғылымының магистрі
Басықара Е. Б. - Профессор, ҚР мәдениет қайраткері
Далбағай Г. Е. - Аға оқытушы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Өнертану ғылымының магистрі
Джұмағалиева А.М. - Аға оқытушы, Өнертану ғылымының магистрi
Жұмағали Қ. І. - Доцент, ҚР мәдениет қайраткері
Жаменкеев Е. Е. - Оқытушы, Өнертану ғылымының магистрі,PhD
Жақыпбек Н. Б.- Оқытушы, Өнертану ғылымының магистрі

Измұратова З. Ш. - Доцент, ҚР мәдениет қайраткері
Искаков Б. А. - Профессор (акад.), ҚР мәдениет қайраткері
Игілік Б.Қ. - Аға оқытушы,өнертану ғылымының магистрі
Какежанов Е. Б. - Окытушы, Өнертану ғылымының магистрі
Құдайбергенова С.Ә. - Аға оқытушы 
Мукышев Т.К. -  Доцент (акад.), ҚР мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері
Пазылов С.Р. - Оқытушы, өнертану ғылымының магистрі
Раимбергенов А.Ы. - Доцент, ҚР мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері
Сабырғалиева С. - Оқытушы, ҚР мәдениет қайраткері
Токжанов Т. Т. - Доцент (ВАК), ҚР мәдениет қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері
Тлепбергенов А. Ж. - Өнертану ғылымының магистрі
Үлкенбаева А. Н. - Профессор, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері