афиша

Жалпы фортепиано кафедрасы

Кафедра тарихы


Каф жалпы фортепиано 1.jpg


Консерваторияның негізі қаланған 1944 жылдан бастап фортепиано кафедрасы арнайы және жалпы фортепиано, концермейстерлік шеберлік, камералық ансамбль орындаушыларын біріктірді. Кафедрада меңгеруші Г.Н.Петров (К.Н.Игумнов), доценттер Л.Л.Кельберг, С.Е.Гинзбург, М.И.Окунь, З.В.Иванова, Г.И.Гринфельд, Н.А.Раменский, кейінірек И.С.Станишевская, К.А.Господарь, Р.С.Кацман, Г.Д.Нейкова, Л.Б.Домбровская, З.В.Маргулистер қызмет атқарды. Жалпы фортепиано курсы музыкалық білім беруде негізгі орындаушылық және теориялық мамандықтарға қосымша бірыңғай педагогикалық үрдістің маңызды бөлігі ретінде алғашқы деңгейлік практикалық қажеттілік болып қарастырылды. 1946 жылы пәннің даму бағытын ескере отырып, оқу бағдарламаларын жасауға кіріскен профессор Е.Ф.Гировский Санкт-Петербургтен шақыртылды. 1950 жылы арнайы және жалпы фортепиано кафедрасы болып екіге бөлінді.

         Жалпы фортепиано кафедрасында 1950 жылдан Н.А.Раменский, 1958 жылдан Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген И.С.Станишевская кафедра меңгерушісі болып, жоғары білімді музыкант әрі педагог, басшы ретінде кафедраның кейінгі дамуына әсер етті. Педагогикалық құрам оқу құралдары мен Қазақстан композиторларының шығармаларынан алынған фортепианолық ансамбльді лайықтау қатарын жасаған дарынды музыканттармен, тәжірибелі әдіскерлермен толықты. Бұл Н.М.Меңдіғалиев, Г.С.Аманжолов,         А.М.Колесников, Х.С.Саминова, Э.Е.Лойтер, Э.А.Өзбеков, Т.Л.Пылаев, В.И.Сечкар, С.С.Горенман, Л.И.Ошкуков, Г.А.Метакс (Тбилиси консерваториясынан, пианист, композитор, джаз импровизациясы мамандығы бойынша), В.Л.Бабаджан, Н.Г.Ивлев, С.М.Мулдашев, А.Г.Юровская, Г.Мусин (Чайковский ат. Мәскеу мемлекеттік консерваториясы проф. Малинин класы), Т.Д.Сырцов, Е.Г.Каримбаев сияқты көрнекті тұлғалар болатын.

1971 жылдар мен 1979 жылдар аралығында кафедраны доцент В.Г.Пестов (Чайковский ат. Мәскеу мемлекеттік консерваториясы проф. В.К.Мержанов класы) басқарды. Айрықша орындаушы, терең ойлы ұйымдастырушы В.Г.Пестов концерттік қызметтерді белсендендірді, кафедра құрылымын өзгертті, мамандық пен комиссия бойынша бөлуді ұсынды. Бұл оқу үрдісін жақсартуға септігін тигізді. В.Г.Пестов ауысқаннан кейін 1979 жылы арнайы фортепиано кафедрасына ұлттық фортепианолық музыканың негізін қалаушы көрнекті композитор, профессор Н.М.Меңдіғалиев тағайындалып, кафедрада шығармашылық жағдай тудыруға үлкен серпін берді. Педагогтар консерваторияның концерттік-орындлаушылық қызметіне белсенді қатысты, жыл сайын жеке бағдарламалар, фортепианолық дуэт, аспаптық ансамбль концерттерін орындады, репертуар қорын толықтыруға арналған «Жалпы фортепиано курсы бойынша хрестоматия» жазды, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысты, педагогика мен орындаушылық бойынша жарық көрген жұмыстар көбейе түсті. Мәскеу, Санкт-Петербург, Рига, Гнесин атындағы Академия және т.б. музыкалық оқу орындарында педагогтар біліктілікті арттыру факультеттерінде оқып, кәсіби сапаларының өсуін жоғарылатты. Бұл өзіндік ойлау мен бастамашыл педагогтардың көпшілігі аспирантураны бітіріп 1972-1985-1997 жылдар аралығында кафедра жұмысына белсене араласты. Олардың қатарында И.П.Федорова, Д.Т.Даукеева, Е.И.Шин, К.Т.Оразалиева және Гнесин атындағы академиядан білім алған Л.М.Джангалина – О.Г.Костевич, А.Н.Нурпеисова, Д.Д.Айдарханова, Л.М.Кокубаева, А.Х.Нурмагамбетова,Г.З. Кашкенбаева, Г.Г.Баттакова, С.Г.Ромащенко, А.А.Нурбаева, Е.А.Бычков, Ф.Н.Кожабекова, Р.М.Чуренова, Т.О.Жангуттина (Чайковский ат.МГК камералық ансамбль бойынша аспирантураны бітірген) Б.А.Турдалиева (орган – төменгі Новгород аспирантурасы), А.И.Мұстафаева А.М.Баймухамбетова, Т.Х.Гафиатуллин, А.М.Сагатов, А.М.Бахтыгереева, И.В.Олексенко, Л.Х.Бабенова, Г.М. Карагулова, Е.В.Севрук бар.

1989 жылдар  мен 1997 жылдар аралығында доценттер Т.Л. Пылаева, М.К. Романова  кафедра меңгерушісі ретінде қызмет атқарды. 1997-1999 жылдар аралығында А.И.Мұстафаева оқу-әдістемелік жұмыстағы дәстүрді жалғастырды. Пәнді терең де сапалы оқыту үрдісі мен оқу бағдарламаларының студент мамандығына бағдарланып жасалуы байқалды. Факультет бойынша эксперименттік жұмыстар ертерек 1988 жылы Вокал және хор факультетінде Е.И.Шинннің жетекшілігімен, 1991 жылы Д.Т.Даукееваның жетекшілігімен Музыкатану және композиция факультетінде жүргізілді. 1999 жылы кафедра факультет бойынша секцияларға бөлінді: Вокал және хор факультетінде доцент Е.И.Шин, Музыкатану және композиция факультетінде – аға оқытушы Д.Д. Айдарханова, Оркестр факультетінде доцент Д.Т.Даукеева, Халық музыкасы факультетінде доцент А.И.Мустафаева секция меңгерушілері болды. Педагогтардың тынымсыз қызметтері әр аспаптық, хор-вокалдық, теориялық-композиторлық, мамандықтардың жеке ерекшелігін оқып-үйрену жұмыстарына әсер етті. 2017 жылы секциялар жалпы фортепиано кафедрасына бірігіп, кафедра меңгерушісі ретінде доцент А.И.Мұстафаева сайланды. Оқытушылар құрамында дарынды жас пианистер, халықаралық байқаулардың лауреаты, концертмейстерлік және камералық орындаушылық тәжірибелері бар М.И.Алтухова, Л.А.Ақышпекова, Д.И.Быковских, И.А.Гавриленко, Е.Құрмет, А.Кульшарипов, А.Ю.Мельникова, Д.А.Молдағалиева, А.Г.Наумова, А.А.Өтетілеу сияқты оқытушылар болды.

Жалпы фортепиано кафедрасы жеке факультеттердің өзгешелігін есепке ала отырып, әр түрлі мамандықтардың студенттерімен оқытудың жеке, ансамбльдік, камералық, концертмейстерлік орындаушылық әдістерін қолдану арқылы шығармашылық  жұмыс істе



Оқытушылар құрамы: 

1. Мустафаева А.И. - жалпы фортепиана кафедрасының меңгерушісі, доцент, мәдениет саласының үздігі;
2. Дәукеева Д.Т. - доцент (КСРО ЖАК);
3. Шин Е.И. - доцент, мәдениет қайраткері;
4. Көкубаева Л.М. - доцент;
5. Джангалина Л.М. - аға оқытушы;
6. Айдарханова Д.Д. - аға оқытушы;
7. Гафиатуллин Т.Х. - аға оқытушы;
8. Бахтыгереева А.М. - аға оқытушы;
9. Олексенко И.В. - аға оқытушы;
10. Жангуттина Т.О. - аға оқытушы;
11. Қарағұлова Г.М. - аға оқытушы;
12. Мельникова А.Ю. - оқытушы;
13. Бабенова Л.Х. - оқытушы;
14. Гавриленко И.А.- оқытушы;
15. Мулдагалиева Д.А. - оқытушы;
16. Севрук Е.В. - аға оқытушы;
17. Наумова А.Г. - оқытушы;
18. Өтетілеу Ә.Ә. - оқытушы;
19. Алтухова М.И. - оқытушы;
20. Курмет Е. - оқытушы;
21. Акшпекова Л.А. - оқытушы;
22. Быковских Д.И. - оқытушы;