афиша

Әбдірашев Бақтияр Төлепбергенұлы

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор


Байланыс: Қабылдау бөлмесі  +7 (727) 261-13-68   Абдрашев Бахтияр Толепбергенович.jpg

e-mail: bakhtiyar_72@mail.ru 

1992 жылдан 1997 жыл аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Кларнет» мамандығы бойынша профессор Р.Н. Сабыровтың класында оқыды.

1997 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ассистентура – тағылымдама күндізгі оқу бөлімінде оқуын жалғастырды.

Еңбек қайраткерлігін 1993 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, бас дирижер және көркемдік жетекші - профессор, ҚР Еңбегі сіңген қайраткері К.М. Ахметовтың жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі қызметінен бастады.

Ұстаздық қызметін 2000 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасында бастады. 2003 жылы Оркестрлік факультеті деканының орынбасары, ал, 2005 жылы Аспаптық орындаушылық факультетінің деканы болып тағайындалды.

Ұдайы шеберлік дәрістеріне, семинарлар мен тренингтерге қатысу арқылы біліктілігін жетілдіріп отырады. Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясында біліктілігін арттырды. «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясындағы семинарларға, оқу, тәрбие және концерттік жұмысты басқару тәжірибесімен алмасу аясында Корольдік Солтүстік музыкалық колледжінің директоры Д.Эдварстің және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Т.Екимованың (Манчестер, Ұлыбритания) семинарлары мен тренингтеріне қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияларда жасаған баяндамалары негізінде ғылыми жинақтар мен журналдарда жарияланымдары бар. Бірнеше мәрте Республикалық және Халықаралық конкурстар мен фестивальдерде қазылар алқасының мүшесі және төрағасы ретінде конкурс комиссияларының жұмысына қатысты.

Қазіргі кезде доцент ретінде Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасында «Кларнет» класы бойынша оқытушылық қызмет атқарады. 2010 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды.

2014 жылдың қазан айынан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры болып тағайындалды.