афиша

Жүдебаев Арман Әділханұлы

Judebayev_rector.jpg


Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты:

2004 ж. Жас орындаушылардың XXV Республикалық байқауының лауреаты (1-орын);

2005 ж. «Асыл мұра» жобасы бойынша дәстүрлі музыка орындаушыларының III сайысының лауреаты (1-орын);

2006 ж. Күйші-сазгер Сейтек Оразалиевтің 145 жылдығына арналған Республикалық домбырашылар байқауының Бас жүлде иегері;

2009 ж. XII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында өткізілген байқауда лауреат (1-орын);

2010 ж. Құрманғазы атындағы VIII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауында «Домбыра, шертер» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;

2011 ж. Н.Тілендиев атындағы  «Өз елім» саз фестивалі аясындағы байқаудың «Дирижерлеу» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;

2012 ж. КСРО халық артисі, композитор М.Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Алтын таяқша» Республикалық дирижерлер байқауында Бас жүлде иегері;


2014 ж. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.


2017 ж. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.  


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Домбыра» (бакалавриат 2008)  және «Дирижерлеу» (бакалавриат 2009) мамандықтары бойынша тамамдаған.


2011 ж. Өнертану магистрі атанған.


2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарып, 2012 жылы аға-оқытушы дәрежесін алған.


2013-2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің Бас дирижері қызметін атқарған.


2018 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры болып тағайындалды.


    Қабылдау бөлімі:  8 (727) 261 76 40