афиша

Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы


POS_5344.jpgҒылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Қабылдау бөлімінің телефоны: +7 727 261 63 64


Өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент (академиялық). Қазақстан Республикасының жас, дарынды ғалымдарына арналған мемлекеттік шәкіртақының иегері((2000 жыл).

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "музыкатану" мамандығы бойынша тәмамадап, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтында аспиратурада оқыған. Музыкалық өнер бөлімі. Жетекшісі - профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты Кетегенова Н.С. 

1998 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қызметте Тарих- теория факультетінің гармония және сольфеджио кафедрасында оқытушы болудан бастады. 2001 жылдан аға оқытушы болды. Ал 2006 жылы музыкатану, композиция және арт- менеджмент кафедраларының доценті. 2009 және 2011 жылдары музыкантану және менеджмент факультеті деканының орынбасары. 2011-2013 жылдары сол факультетте декан.  


2013 жылдың 1 тамызы мен 2014 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тәрбие жұмыстар жөніндегі проректоры болды. Қазіргі күні музыкатану және композиция кафедрасының доценті. 

2018 жылдың шілдесінен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор.