+ 7 (727) 261 76 40
info@conservatoire.kz

ФОЛЬКЛОРНЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ (саз сырнай, жетиген, сыбызгы)

5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері

Мамандандырылуы халық аспаптары: фольклорлық аспаптар (жетіген, саз сырнай, сыбызғы)

І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНЫ

Емтихан талаптары:

1.Күрделі формадағышетел композиторларының бір шығармасы (Соната немесе концерттің бір бөлімі )

2.Жылдам, жәй немесе орташа екпіндегі екі күй

3.Қазақстан композиторларының бір шығармасы

Талапкерлерді бағалау баламасы:

Баға 33-40 балл

Шығарманың ноталық желісін мазмұндық, техникалық, аппликатуралық, екпіндік жағынан өте сауатты және нақты білу, дыбыс бояуын мазмұнға сәйкес автор ұсынымын анық көрсету. Орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі. Фортепиано сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды игеруде ансамбльдік үндестік, стильдік ерекшеліктерді сақтау және жоғары кәсіби деңгейді барлық жағынан көрсету. Ансамбльдік орындауда музыкалық шығарманың кәсіби деңгейін барынша аша білуі, позиция, аппликатура ережесін сақтау

Баға 24-32 балл

Орындалатын туындыларды өз деңгейінде көрсету, нота мәтінін нақты білу, дыбыс бояуын анық шығару, орындаушылық шеберлігін көрсету, мамандық бойынша өз аспабының ерекшелігін мейлінше игеру. Өз мүмкіншілігін жақсы көрсету

Баға 15-23 балл

Бағдарламадағы орындалатын шығармалардың мәтінін анық білмеуі, дыбыс бояуының сақталмауы, шеберлік деңгейінің жетіспеуі, орындаушылық дәстүрлерге үстіртін қарауы және сахна мәдениетінің жетіспеуі

Баға 0-14 балл

Ноталық мәтінді білмеу, дыбыс бояуының жоқтығы, орындаушылық дәстүрлерді түсінбеуі, шеберлік деңгейінің өте төмендігі және орындаушы ретінде талапқа сай болмауы

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Гармония – билеттер бойынша ауызша  (модуляция,секвенцияларойнау, гармониялық талдау);

Сольфеджио– жазбаша (екі дауысты диктант). 

ІІІ. АБИТУРЕНТТІҢ КЕШЕНДІ ТЕСТ ТАПСЫРУЫ

Кешенді тапсыру үшін абитурент Құрманғазы атындағы ҚҰК қабылдау комиссиясына үлгіде толтырылған бланк және тестке төлеген түбіртекті өткізеді. Тестке өту үшін абитурентке арнайы фото жапсырылған рұқсат қағаз беріледі. Тест төмендегідей пәндер арқылы өтеді:

1. Қазақстан тарихы

2. Оқу сауаттылығы (тілді таңдау абитуриенттің еркінде)