+ 7 (727) 261 76 40
info@conservatoire.kz

Народное пение

5В040400 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР

МАМАНДАНДЫРЫЛУЫ «ХАЛЫҚ ӘНІ» 

 І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

1.Бағдарламаны орындау:

1.Халық әні:

2.Халық композиторының әні:

3.Қазіргі заман композиторының әні немесе терме-толғау.

Бағалау баламасы:

33-40 балл бағасы:

Жоғары талапқа сай келуі. Талапкердің өз өңіріне сай әншілік мектебін терең меңгере отырып, орындаушылық қырын жақсы көрсете білуі. Домбыраны қостап тартуда өңірдің стильдік ерекшеліктерін сақтау және жоғары кәсіби деңгейді барлық жағынан көрсету. Әннің не болмаса терме-толғаудың мазмұнын барынша аша білуі, дауыс және дыбысты бағыттау заңдылықтарын сақтау, есту қабілетінің жоғары болуы.

24-32 баға:

Талапкер орындалатын әнді, терме-толғауды өз деңгейінде көрсету, әннің мәтінін нақты білу, дауыс және дыбыс бояуын анық шығару, домбырада қостап тарту шеберлігін көрсету, дәстүр бойынша өз өңірінің ерекшелігін мейлінше игеру. Өңірдің  орындаушылық дәстүрін сақтай отырып, өз мүмкіншілігін жақсы көрсету

15-23 баға:

Бағдарламадағы орындалатын ән не болмаса терме-толғаулардың мәтінін анық білмеуі, өңірдің ән салу және домбырада қостап тарту ерекшелігінің сақталмауы, шеберлік деңгейінің жетіспеуі, орындаушылыққа үстіртін қарауы және сахна мәдениетінің  жетіспеуі.

14 балдан төмен:

Әннің не болмаса терме-толғаудың мәтіндерін білмеу, дауыс бояуының жоқтығы, орындаушылық дәстүрлерді түсінбеуі, шеберлік деңгейінің өте төмендігі және орындаушы ретінде талапқа сай болмауы, есту қабілетінің төмендігі. 

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Гармония – ауызша билет бойынша (модуляция ойнау, гармониялық анализ);

Сольфеджио – жазбаша (2 дауысты диктант).

 ІІІ. АБИТУРЕНТТІҢ КЕШЕНДІ ТЕСТ ТАПСЫРУЫ

Кешенді тапсыру үшін абитурент Құрманғазы атындағы ҚҰК қабылдау комиссиясына үлгіде толтырылған бланк және тестке төлеген түбіртекті өткізеді. Тестке өту үшін абитурентке арнайы фото жапсырылған рұқсат қағаз беріледі. Тест төмендегідей пәндер арқылы өтеді:

1. Қазақстан тарихы

2. Оқу сауаттылығы (тілді таңдау абитуриенттің еркінде)