5В040500 – Оркестровое дирижирование

Мамандық бойынша қабылдау емтихандарына қойылатын талаптар

                                        5В040500 –«Дирижерлау»

 

Осы мамандыққаүміткерлерүшіналдыңғыбілімдеңгейі болу керек:

1. музыкалық колледж;

2.мамандандырылған музыка мектептері;

3.өнер колледжі, гуманитарлық-педагогикалық колледжі;

4.эстрадалық-цирк училищесі;

5. жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу – ақылы негізде).

 

І.МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

«Хорда дирижерлау» мамандығы

1. Бағдарламаны орындау:

- екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлау (біреуі – a’cappella, екіншісі – сүйемелдеумен);

- комиссияның таңдауы бойынша хор партитурасы мен фортепианалық шығармаларды жатқа ойнап беру;

2. Дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).

3. Коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

- орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

- музыкалық-теориялық пәндер мен хор әдебиетінен жалпы музыкалық дүние танымы

 

«Опера-симфониялық дирижерлау» мамандығы

Шығармаларды орындау:

- екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлау (симфонияның бір бөлімі, увертюра, поэма);

- комиссияның таңдауы бойынша фортепианалық шығармаларды жатқа ойнап беру;

- дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).

- коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

- орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

-музыкалық-теориялық пәндермен опералық және симфониялық әдебиеті бойынша жалпы музыкалық дүние танымы.

Бағалау критерийлері:

29-40 ұпай:

Өтініш берушінің жарқын музыкалық деректері бар, мануалдық техникасының барлық әдістерін және музыкалық аспапты еркін меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туындының мазмұны туралы хабардар, дүниетанымы кең, музыка тарихы мен орындаушылық өнерді терең меңгерген

17-28 ұпай:

Өтініш берушінің жақсы музыкалық деректері бар, қолдың мануалдық техникасының әдістерін және музыкалық аспапты қанағатпен меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туынды мазмұны туралы хабардар, мазмұнды, бірақ коллоквиум жауаптары толық аяқталмаған

5-16 ұпай:

Талапкердің музыкалық деректері мен музыкалық аспапта ойнауының орташа болуы, орындалатын шығарманың стилі мен мазмұнын нашар түсінуі, коллоквиумға нашар жауап беруі, дүниетанымының шектеулі болуы

0-4 ұпай:

Талапкерде музыкалық деректердің жоқ болуы және аспапта ойнау қабілетінің болмауы. Оқуға тусу үшін қойылған талаптарға бағдарламасы сәйемес. Коллоквиум сұрақтары бойынша білімі нашар

 

ІІ. ТАЛАПКЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Өтініш беруші кешенді тестілеуге қатысу үшін Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қабылдау комиссиясына үлгідегідей көрсетілген бланкіге өтініш жазып, тестілеуге ақы төленгені туралы түбіртек тапсырады. Тестілеуге өткізілген талапкерге фотосуреті бар арнайы өткізу парағы беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша жүргізіледі:

1. Қазақстан тарихы.

2. Оқу сауаттылығы (өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде).