info@conservatoire.kz

афиша

Мусахан Данара Ерұланқызы

Т Ү Й І Н Д Е М Е



Мусахан.jpg     Азаматтығы: Қазақстан Республикасы


       Байланыс мәліметтері:


       danara.mussakhan@gmail.com;


       Академиялық лауазымы: аға оқытушы;


     Ғылыми дәрежесі: философия докторы (PhD);





Жоғары білімі туралы дипломында көрсетілген мамандығының атауы мен нөмірі (шрифты):

Бакалавриат: 5В041100 – «Композиция»;

Магистратура: 5М041100 – «Композиция»;

Докторантура: 6D041600 – «Өнертану»;


1. БІЛІМІ /КВАЛИФИКАЦИЯСЫ:

 1. 2007-2012жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – бакалавриат (композитор, музыкалық-теориялық пәндерді оқытушы);

 2. 2012-2014жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – магистратура (өнертану ғылымдарының магистрі);

 3. 2014-2017жж. – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – докторантура (философия докторы PhD);

 

2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

1. 2014-2017жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, музыкатану және композиция кафедрасының оқытушысы;

2. 2017-2018жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ғылыми хатшы;

3. 2018ж. – қазіргі кез – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы;

  

3. ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР, БАСЫЛЫМДАР (соңғы 3 жыл):

a)  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛДАРЫ: 

#

Басылым атауы

Баспаның аты, орны, жылы

1

«Кинокомпозитор мамандығы: Қазақстандағы қазіргі заманғы музыкалық білім беру проблемасы»

«Ғылым мен өмір». ISSN 2073 – 333X.

№4(39). Aстанa, 2016.

 

2

«Композитор Еркеғали Рахмадиевтің киномузыкасының эстетикасы»

С. Торайғыров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Хабаршысы». ISSN 1811-1823. №2. Павлодар, 2016.

3

«Киномузыка шығармашылығының спецификасы»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысы». ISSN 1563-0307. Саясаттану, философия және мәдениеттану топтамасы. № 3(57). Алматы, 2016.

4

«Қазақстанның тарихи-қаһармандық ленталарындағы киномузыканы іске асыру ерекшеліктері»

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің «Хабаршысы». №3(112). Астана, 2016.

                                                                                                       б) ИМПАКТ ФАКТОРМЕН ЖУРНАЛДАРЫ:

1

«”Жамбыл” фильміндегі киномузыканың спецификалық ерекшеліктері»

«Indian Journal of Science and Technology». ISSN 0974-6846. № 9 (36). Үндістан, 2016.

                                                                                                       в) БАСҚА ЖУРНАЛДАРЫ:

1

«Қазақстанның киномузыкасын зерттеу мәселесіне»

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория «Хабаршысы». ISSN 2310-3337. №1 (1). Алматы, 2013.

 

4. КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЛАРЫ (2010 - 2016):  

#

Конференцияның атауы

Мекеме атауы

Елі

Күні

1

2

3

4

5

ҚР (Республикалық, халықаралық):

1.

«Қазақ және венгр киносы мен теледидары: өзін өзі сәйкестендіру , бүгінгі күні және тарихи мұрасы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы

Алматы, Қазақстан

Наурыз, 2015

2.

«Көне және жаңа» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

«Туран» университеті, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университеті

Алматы, Қазақстан

Қыркүйек, 2015

3

«Қазіргі музыка мен білім берудегі интеграциялық үдерістер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы

Алматы, Қазақстан

Сәуір, 2017

ТМД елдері:

1.

«Медиамәдениет кеңістігіндегі музыка» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университеті

 

Краснодар, Ресей

Сәуір, 2015

Басқа елдер:

1.

«21-ші ғасырдағы білім және ғылым» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Халықаралық білім және технологиялар орталығы

 

Монтана, США

Желтоқсан, 2014.

 

5. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

1. 2014 ж., қараша – өнертану докторы, П.Чайковский атындағы ММК-ның проректоры К. Зенкиннің «Тарихи музыкатану методологиясы» мастер-класстары (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы). Сертификат.

2. 2015 ж., сәуір – Springer ғылыми базасының оқу семинарлары (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы). Сертификат.

3. 2015 ж., сәуір – саясат ғылымдарының кандидаты А. Урубалиевтің «Мәдени саясаттың бүгінгі талаптары мен әлеуеттері» лекциялар курсы (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы). Сертификат.

4. 2015 ж., маусым – «Академиялық адалдық» халықаралық ғылыми және практикалық семинарлары (Almaty Management University). Сертификат.

5. 2015 ж., қараша-желтоқсан – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының докторантура бағдарламасының шеңберінде өнертану докторы, профессор Е. Лебедеваның жетекшілігімен Рига қаласында Яз.Витол атындағы Латвия музыка академиясының базасында ғылыми-зерттеушілік машықтану.

6. 2016 ж., қаңтар – Білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттік берген «Жоғарғы оқу орнын сырттай бағалау (аудит) және өзін өзі бағалау есептемелерін сараптау процедурасы» бойынша ұлттық сарапшының сертификатын алу (3 жыл мерзімге). Сертификат.

7. 2016 ж., қаңтар – «Құзыреттілік тәсілдемесінің контекстінде білім беру бағдарламаларының жаңа дизайны» біліктілікті жоғарылату бойынша семинар-тренингі (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы). Сертификат.

8. 2016 ж., қыркүйек – өнертану және психология докторы, Гнесиндер атындағы РМА (Ресей) шығармашылық және инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Д.К.Кирнарскаяның «Жоғары білім берудегі музыкалық-педагогикалық инновациялар» тақырыбына 36 сағат көлеміндегі лекциялар курсы. Сертификат.

9. 2016 ж., қараша-желтоқсан – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының докторантура бағдарламасының шеңберінде Цюрих қаласында (Швейцария) Цюрих жоғары өнер мектебінің базасында ғылыми-зерттеушілік машықтану.

10. 2017 ж., сәуір – өнертану докторы, профессор С.Н.Тагиеваның (Әзірбайжан) «Ұлттық спецификаның формулалық-типологиялық кодтарының функционалдылығы мәдени мұраның сақталуының және сабақтастығының кепілі ретінде» тақырыбына 36 сағат көлеміндегі семинарлары. Сертификат.

11. 2017 ж., сәуір – педагогикалық ғылымдар докторы, профессор Э.Б.Абдуллиннің (Ресей) «Нағыз өнер – баршасы үшін» тақырыбына 36 сағат көлеміндегі семинарлары. Сертификат.

12. 2017 ж., сәуір – РФ Еңбек сіңірген артист С.В.Проньнің (Ресей) «Ережелер бойынша және ережелерсіз ойын. Джаздық импровизация заңдары» тақырыбына 36 сағат көлеміндегі семинарлары. Сертификат.

13. 2017 ж., мамыр – SYNEQ 2017 бизнес-форумы – ұйымдарды басқару және компаниялардың өнімді жұмысы туралы кәсіпкерлердің лекциялары (К.Ракишев, М.Сейсенбаев, Д.Орманбаева, К.Кудайберген және басқалары). Сертификат.

14. 2017 ж., қараша – профессор Д.Врэйдің музыкалық білім беру мен музыкалық бизнестегі менеджмент жөніндегі лекциялар курсы. Сертификат.

Қосымша:

1. 2016 ж., сәуір – «Түркі тілдес әлемнің музыкасы» 5-ші халықаралық симпозиумының материалдары бойынша жинақтың редакциялық алқасының мүшесі. Сертификат.

2. 2016 ж., сәуір, 2017 ж., сәуір, 2018 ж., сәуір – студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстары республикалық конкурсының (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы) комиссия мүшесі. Сертификат.