афиша
Слайд 2
Элемент
Картина
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
мамандарды даярлаймыз

Біздің концерттер

барлығын қарау
Домбыра күніне арналған флэшмоб
Жаңалықтар
Ардақты ұстаз Зере Шәкерімқызы дүниеден озды
Ардақты ұстаз Зере Шәкерімқызы дүниеден озды
Бүгін 2020 жылдың 5-сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының профессоры, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі педагог Зере Шәкерімқызы дүниеден озды.
Бар ғұмырын ұстаздық жолына арнаған Зере Шәкерімқызы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан аса қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында білім ордасының дамуына, болашақ музыка мамандарының педагогикалық дайындығын шыңдау ісіне бар білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін аямай еңбек сіңірді. Ол 20 жылдай уақыт бұрын консерватория қабырғасында «Педагогика және психология» кафедрасының ашылуына да мұрындық болған еді. Бүгінге дейін Зере Шәкерімқызы «Музыкалық білім берудегі педагогика және психология» секциясына жетекшілік етіп келді. Талай педагог-музыканттардың буынын тәрбиелеген білікті ұстаздың қалыптастырып кеткен тәжірибесі консерваторияның бұл бағыттағы жұмыстарына арқау болып қала бермек.
Зере Шәкерімқызы еліміздегі музыкалық білім беру ісіне қосқан үлесі үшін талай құрметті атақтардың иесі атанды. Олар: «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы, Қазақстанның ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы күміс медалі және «Үздік педагог» атағы.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!


Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы
5 сәуір 2020
«ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» эфирде
«ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» эфирде
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ мен Қазақ радиосының бірлескен жаңа жобасы «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» эфирде!

Халқымыздың баға жетпес қазыналарының бірі – ән-күйлеріміздің тарихына, туынды авторларының өмірі мен шығармашылығына қанығып, әуезді ән, күмбірлеген күймен құлағыңыздың құрышын қандырғыңыз келсе «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» бағдарламасын тыңдаңыздар.

#mcsgovrk #Қазақұлттықконсерваториясы #Kazakhnationalconservatory
#qazaqradiosy #qazradiofm #мксlive #bizbirgemiz #algaqazaqstan #teamkz #үйдеміз #біргееңсереміз #үйдебол #uidebol
1 сәуір 2020
«ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты жаңа жобаны қарсы алыңыздар!
«ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты жаңа жобаны қарсы алыңыздар!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақ радиосының бірлескен жаңа жобасы «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» эфирге жол тартпақ.

Халқымыздың баға жетпес қазыналарының бірі – ән-күйлеріміздің тарихына, туынды авторларының өмірі мен шығармашылығына қанығып, әуезді ән, күмбірлеген күймен құлағыңыздың құрышын қандырғыңыз келсе «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» бағдарламасын тыңдаңыздар.

#Қазақұлттықконсерваториясы
#Kazakhnationalconservatory
#Arman_Zhudebayev
#qazaqradiosy
31 наурыз 2020

Барлық жаңалықтар