Біздің концерттер
барлығын қарауБарлық жаңалықтар
А. К. Глазунов атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясында, республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жүрген, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері оқуда жетістікке жетіп қана қоймай, дөңгелек үстелдерге, конференциялар мен концерттерге белсенді қатысып, түрлі іс-шараларда үлкен жетістіктерге жетуде.
2024 жылдың 22 сәуір мен 26 сәуір аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында Қазақстанға келген композитор, Вроцлавтағы Карол Липинский атындағы музыка академиясының (Вроцлав, Польша) театр және кино музыка студиясының жетекшісі, хабилитацияланған доктор Себастьян Ладыжинскийдің шеберлік сыныптары өтті. Вроцлавтағы Карол Липинский атындағы музыка академиясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының серіктесі болып табылады.